Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көктайғақ: Семейде 6 көлік соқтығысты
Семей қаласында көктайғақтан 6 көлік соқтығысып қалды.
15:23 16.10.2021
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 16 қазанда сағат 08.30-да жаңа көпірде болған.
«Lada Granta маркалы көліктің 23 жастағы жүргізушісі көктайғақтан рульді басқара алмай қалып Mitsubishi, Volgswagen және Hyundai көліктерімен соғылды. Соның салдарынан Hyundai көлігі тағы екі Toyota көліктерімен соқтығысқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар да тағайындалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram