{metadescription}
Оралда із-түзсіз кеткен әйелдің денесі орманнан табылды

Оралда із-түзсіз кеткен әйелдің денесі орманнан табылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 58 жастағы Дина Станько биылғы 24 тамызда шамамен сағат 17.00-де үйінен шығып кеткеннен оралмаған болатын.

Оны іздестіруге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Оралдағы бейнебақылау камералары қаралып, тұрғындарға сұрау салынды. Куәгерлердің сөзінен әйелдің Желаев кенті жаққа кеткені белгілі болды. Ол маң да қаралды.

Дүкен қызметкері, 1967 жылғы тұрғын Желаев кенті ауданындағы орманнан саңырауқұлақ жинап жүрген кезінде әйелдің бас сүйегі мен мүрде қалдықтарын тапты. Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, сүйек қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес өлімнің себебі анықталады. Марқұмның туыстары оқиға болған жерден әйелдің киімдерін таныды. Сонымен қатар әйелдің сіңлісі мен оның тістерін емдеген стоматологтармен бірге тістері алынып, зерделенді.

Сол кезде жоғалған әйел мен табылған мүрденің тістері бірдей болып шықты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адамның жанып кеткенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ БҚО-да әкелі-балалы екеу балық аулап жүріп, суға батып кетті. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.