{metadescription}
Мұхаммед Әлидің немересі екінші жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Мұхаммед Әлидің немересі екінші жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Мұхаммед Әлидің немересі, америкалық орта салмақ боксшысы Нико Әли Уолш (2-0, 2 КО) кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Алтантада өткен бокс кеші аясында Уолш 36 жастағы отандасы Джеймс Уэстлиді (1-1, 0 КО) жеңді. Уолш екінші раундтың соңында қарсыласын нокдаунға жіберген. Ал үшінші раундтың басында Уэстлидің жаттықтырушылары жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.  Олимпиада жеңімпазы және "қорғаныс шебері": Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Осылайша Нико Әли Уолш өз рекордын жаңартып, екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтады. Алғашқы кездесуінде Нико 70 секундта жеңіске жеткен болатын. Мұхаммед Әли – спорт тарихындағы ең танымал боксшылардың бірі. Ол ауыр салмақта абсолютті чемпион атағын бірнеше жыл ұстап тұрған. 1960 жылы өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңген. Түрлі басылымдар Әлиді ғасыр спортшысы деп атаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.