{metadescription}
Ауа райы: Қазақстанға 30 градустық аяз келеді

Ауа райы: Қазақстанға 30 градустық аяз келеді

Синоптиктер 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне аяз келеді. 

«Атлант аймағынан суық антициклон келе жатыр, ол елдегі жылы Оңтүстік циклонын алмастырады. Суық ауа массалары жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

7-8 желтоқсанда түнде еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр бағаны 22-30 аязды көрсетеді. Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай күн суытпайды», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде