Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде вакцина паспортын сатқан мейірбике ұсталды
Ақтөбе қаласындағы емханалардың бірінде жұмыс істейтін мейірбике 67 адамға вакцина паспортын жасап берді.
12:48 07.12.2021
Ол әр құжат үшін 15 мың теңге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе қаласындағы емханалардың бірінде жұмыс істейтін мейірбике қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды. Ол 67 адамды вакцина алғандар тізіміне енгізіп, бұл қызметі үшін әрқайсысынан 15 мың теңге ақы алған.
«Тергеу барысында мейірбике әрбір жалған құжат үшін әр адамнан 15 000 теңге ақшалай сыйақы алғанын айтты. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» және «Заңсыз сыйақы алу» баптары бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram