Желіде Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуыл видеосы тарады
Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне лаңкестердің оқ жаудырған видеосы жарияланды.
18:14 18.01.2022
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі видеоның шынайы екенін растады.
"Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2022 жылы 6 қаңтарда болған оқиғаның бейнежазбасы шынайы екенін растайды. Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты қосымша ақпаратты жариялауға тыйым салынады", - деп мәлім етті баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде өлім аузынан қалай аман қалғанын айтып берді.
"Қосымша күштер келіп, арнайы жасақ әкімдік пен алаңды тазартқан кезде біз штабтағы әріптестерімізбен бірге әкімдікке бара жатқанбыз, жолда бізге оқ атты. Олар бізді күтіп тұрды, біздің келе жатқанымызды, бағытымызды білді. Алдымыздан шығып, барлық жақтан оқ жаудырды", - деді Сағынтаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары