{metadescription}
Бес қазақстандық кеденші сотталды

Бес қазақстандық кеденші сотталды

Кеден бекетінің бес маманы кальян табагын заңсыз әкелуге ықпал еткені үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті шекарада Өзбекстан Республикасынан кальянға арналған табакты заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті. Сот үкімі бойынша кінәлілер – "Қапланбек" кеден бекетінің 5 маманы әртүрлі мерзімге сотталды.

Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына жалпы салмағы 23 985 кг болатын 59 596 729 теңгенің "SERBETLI" кальянына табак заңсыз әкелінген. Оған лауазымды тұлғалар өздерінің қызметтік мансабын пайдаланып ықпал етті.

Түркістан қаласы сотының үкімімен "Қапланбек" кеден бекетінің мамандары Қ. Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М. Күміс, Б. Әлиев 3 жыл 6 айға, Н. Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде