Шымкент жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Шымкент полициясы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фото: Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
16:53 21.05.2022
"Шымкенттегі жарылыс дерегі бойынша Еңбекші АІІБ қызметкерлері ҚК-нің 292-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша соталды тергеуді бастады", - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, жарылыс Шымкенттегі перзентхана маңында болды. Оқиға орнында күзетші қаза тапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары