{metadescription}
Face-ID жүйесі інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған «талапкерді» орта жолдан қайтарған

Face-ID жүйесі інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған «талапкерді» орта жолдан қайтарған

Биылғы ҰБТ кезінде інісінің орнына тест тапсырмақ болған бір адам әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» мекемесінің директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде осындай мәлімет айтты. 

«Біз барлық бейнежазбаға 31 желтоқсонға дейін талдау жасаймыз. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері анықталса, талапкер білім беру грантынан айырылады. Естеріңізде болса, бұл норма 2020 жылы алғаш рет қолданылған еді. 2020 жылы бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 152 тестіленушінің, 2021 жылы 52 талапкердің нәтижесі жойылған болатын. Постпрокторинг нәтижесі бойынша қазіргі таңда 15 адамның нәтижесі жойылды. 200-ден астам талапкердің нәтижелері тексеріс үстінде. ҰБТ-ға дайындық және тапсыру барысында біз талапкерлерді бірнеше рет академиялық адалдыққа шақырдық. Бұл оларға болашақта жақсы маман болуға мүмкіндік береді», - деді Руслан Емелбаев. 

Ведомство өкілі биыл тестілеу алғаш рет «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілгенін еске салды. 

«Оқуға түсушінің тест тапсыру орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылады. Фронталды веб-камера талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді. ҰБТ-ның үшінші аптасында қатысушы өзінің орнына басқа тұлғаны, яғни, ағасын жіберген. ҰБТ-ға кіргізу барысында Face-ID жеке басын сәйкестендіру жүйесі бөгде адамды анықтады. Тиісті іс-шаралар қабылданды. Естеріңізге сала кетсем, өткен жылы бұндай 18 жағдай анықталған еді», - деді орталық директоры.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.