{metadescription}
Шымкентте есірткі саудалаған бойжеткен 7 жылға сотталды

Шымкентте есірткі саудалаған бойжеткен 7 жылға сотталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты есірткі сатумен айналысқан 27 жастағы азаматшаға қатысты үкім шығарды.

Күдікті синтетикалық есірткі затын өткізумен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Өткен жылдың маусым айында 27 жастағы азаматша «пирролидиновалерофенон» (α-PVP) есірткі затын полиэтилен пакетке салып, 11 000 (он бір мың) теңгеден сатып жүрген жерінен ұсталған болатын. Бұл дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша (ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуге) қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен іс сотқа жолданып, оның барысында аталған азаматшаның кінәсі толығымен дәлелін тапты.

«Күдікті бұған дейін Түркістан облысы Сайрам аудандық сотымен ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 3 жыл 6 ай мерзімге сотталғаны ескеріліп, осы үкіммен тағайындалған жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде