Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен бала әлі табылмады
Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 12 жасар Темірлан Ахмеджанов әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары түні бойы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
10:31 15.08.2022
«Қазіргі уақытта да іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел штаб құрылды. Оған немқұрайлы емес азаматтар қажетті ақпарат алу және іздестіру іс-шараларына қатысу үшін жүгіне алады», - делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, Өскемен қаласында 12 жасар бала түнде үйден шығып кеткен. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда сағат 2:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтты. Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады. Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар болған. Жасыл түсті аяқ киім киген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!