{metadescription}
Жоғарғы кеңесте «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы қаралды
Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Ақорда.
19:10 28.09.2022
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ
Мемлекеттік инвестиция есебінен бұл жоба арқылы 800 мың оқушыға орын қарастырылады.
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- 2026 жылға қарай қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салу;
- мектептерді салу кезінде құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандартын қолдануды қамтамасыз ету;
- оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау; білім беру қызметінің сапасын арттыру.
САЛА ҮШІН ТИІМДІЛІГІ
- үш ауысымды және апатты мектептерді жою;
- білім сапасына қатысты алшақтық факторларын жою (қалалық/ауылдық);
- білім беру ортасының жаңа стандарттарын енгізу.
- ӘКІМДЕРДІҢ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ БЕРІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР:
- мектеп салуға жер телімдерін беру;
- инженерлік инфрақұрылымды, жолдарды салу, қоғамдық көлік бағыттарын анықтау және т.б. жұмыстарды жүргізу;
- Педагог кадрлармен қамтамасыз ету және мектептерді иелікке алу;
- мектепті пайдалануға берудің бекітілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!