{metadescription}
Маңғыстаудың сауда орталықтарындағы 700 килограмдай қауіпті тағам сатылымнан алынып тасталды

Маңғыстаудың сауда орталықтарындағы 700 килограмдай қауіпті тағам сатылымнан алынып тасталды

Маңғыстаудағы сауда нысандарынан 3145 өнімнің сынамасы іріктеп алынып, зертханалық тексеруден өтті. Нәтижесінде 693,83 килограмм қауіпті тағам сатылымнан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексерілгендердің ішінде отандық өндірушілердің тауары – 20%, шетелдік өнім 80%-ды құрайды.

«Іріктелген сынамалардың 8,2%-ы кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес емес. Отандық өнімдер бойынша сәйкессіздік көрсеткіші – 16%, шетел өнімдерінің сәйкессіздігі - 84%. Сәйкессіздіктердің басым бөлігі таңбалау көрсеткіштерінің бұзушылығына қатысты, яғни өнім өндірушінің атауы мен орналасқан жері, шығарылған күні, сақтау мерзімі, қаптаманың сәйкессіздігі, мемлекеттік тілдегі ақпарат және КО-ға мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген«, - деді Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Жарасхан Саламатова.

Сондай-ақ, сәйкессіздіктің 1,2% - микробиологиялық көрсеткіштердің, 10,3% - физикалық-химиялық көрсеткіштердің, 0,4% тұтынушыларды алдау сәйкессіздігіне тиесілі болса, 1,5% өзге көрсеткіштері бойынша, ал 6,5% жағдайда өнімдердің сақтау мерзімі өтіп кеткен.

Анықталған фактілер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне 57 ұйғарым берілген. Жалпы сомасы 275 670 теңге көлемінде айыппұл салынып, 693,83 килограмм қауіпті тағам сатылымнан алынды.

Зерттелген сынамалардың жалпы санынан сәйкессіздіктер ет, құс және балық, сүт, май, ұн, кондитерлік өнімдерінде, минералдық суда, көкөністерде, жемістерде және өндірістік тауарларда анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.