Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда автокөлік мұз астына түсіп кетті
Атырауда жеке иеліктегі көлік мұз астына түсіп кеткен.
Фото: Видеодан алынған кадр instagram.com/atyrauoil.news
16:37 08.12.2022
«Тойота Хайлюкс» көлігінің Жайық өзенінде қатқан мұз астына түсіп кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға 7 желтоқсанда болған. Оқиға орнына шақырту сағат 13:10-да түскен.
Атырау қаласына таяу орналасқан Дамба ауылдық округіне қарасты Пешной учаскесі тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып, автокөлік түсіп кеткені анықталған. Автокөлік өзен жағасынан 15 метр қашықтықтан табылған.
«Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері сүйменмен мұзды ойып, автокөліктің артқы дөңгелегіне арқан байлап, жағаға шығарды. Мұз астындағы көлікті шығару жұмыстарына жедел құтқару жасағының 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлалы қоғаммен байланыс тобы.
Көліктің салонында ешкім болмаған.
«Жұқа мұз үстіне шығуға, топпен жиналуға, жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға, автокөліктермен арнайы жасақталған өткелдерден тыс жерге, яғни су айдындарына баруға болмайды», - деп мәлім етті қоғаммен байланыс тобынан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram