{metadescription}
Алматы облысында тағы бір қару сақталған орын табылды

Алматы облысында тағы бір қару сақталған орын табылды

Алматы облысында қару сақталған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше сағат 15:00 шамасында жергілікті полицейлер ІІМ қызметкерлерімен бірге Шамалған кентінің маңында қару сақталған орынды анықтады.

Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары екі қапты тәркіледі, оның ішінде 12 калибрлі үш тегіс ұңғылы мылтық, 410 калибрлі "Сайга" маркалы бір аңшылық мылтық, сондай-ақ, "Вепрь" маркалы иір ойықты мылтық және 308 бен 7.62 миллиметр калибрлі екі патроны бар екі ақсауыт болды.

Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде