Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан аумағында тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады
Қазгидромет ел аумағында 29 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
09:04 29.11.2023
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады.
"Еліміздің оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қатты жауын-шашын, оңтүсігінде жаңбыр, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тек қиыр батыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - деп жазды ведомстводан.
Ондағы дерекке қарағанда, Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram