{metadescription}
Алматы облысында оқушылар жаппай төбелес шығарды

Алматы облысында оқушылар жаппай төбелес шығарды

Алматы облысында жиналып, жаппай төбелес шығарған жасөспірімдер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

Оқушылардың топтасып жаға жыртысып жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарауда.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Іле ауданы Жапек батыр ауылында болған. Төбелескен – жергілікті мектептің оқушылары. Тексеру барысында анықталғандай, 29 қараша күні 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы туған 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, соңы ұйымдасқан жиынға айналған.

«Аталған дерек бойынша бұзақылық әрекеттер жасаған оқушылар әкімшілік жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың барлық ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік материалдар жиналды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өздеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен (кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) хаттама толтырылды», – деп хабарлады полицияда.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Психологтар оқиғаға қатысушылармен профилактикалық тәрбие жұмыстарын жүргізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде