{metadescription}
Петропавлда мүгедектігі бар 37 жастағы қарындасын ұрып келген ер адам жазаланбақ

Петропавлда мүгедектігі бар 37 жастағы қарындасын ұрып келген ер адам жазаланбақ

Петропавлда «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында 3 топ мүгедектігі бар әйелдің туған бауырынан зәбір көріп келгендігі анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының 37 жастағы тұрғыны анасымен және ағасымен бірге тұрған. Бауыры үнемі қол көтеріп, әйел оған мойынсұнып келген. Өйткені 3 топ мүгедектігі бар ол ешқайда жұмысқа орналаса алмай туғандарына кіріптар болған. Анасы да үнемі «шыда, үндеме» деп басып келіпті. Бұл факті «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында анықталды.

Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері әйелге уақытша болу орталығына орналасуға көмектесті. Онда ол алты ай тұра алады, осы аралықта психологтар мен заңгерлердің білікті көмегі көрсетілмек. Мамандық игеріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Полицейлер қаржылық тәуелсіздік әлеуметтік қорғаудың маңызды факторы екенін атап өтті. Тәуелсіз әйел енді ұрып-соққан ағасына оралмайды.

«Жәбірленушінің ағасына қатысты қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Алдағы уақытта сот-медициналық сараптаманың қорытындысы негізінде шара қабылданады. Қазіргі уақытта полиция өтініш беруді күтпейді, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды өздері анықтайды. Біз үйдегі жанжалқойлардан зардап шеккендерді мамандардың көмегіне жүгінуден қорықпауға шақырамыз» - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Жыл басынан бері Петропавлда полицейлер отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1141 фактіні тіркеді. Құқық бұзушыларға қатысты 1105 қорғау ұйғарымы шығарылды, соттар мінез-құлыққа 224 ерекше талап қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде