{metadescription}
«Атырау-Астрахан» тасжолы қашан аяқталады – әкім жауап берді

«Атырау-Астрахан» тасжолы қашан аяқталады – әкім жауап берді

Жыл соңына дейін «Атырау-Астрахан» тасжолының 25 шақырым жолы пайдалануға беріледі деп жоспарланды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов , деп хабарлайды Kazinform.

«Біздің алдымызда біраздан бері айтылып республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахан» күре жолының құрылысын аяқтау міндеті тұр. Жолдың жалпы ұзындығы – 277 шақырым. Бүгінгі күні «Атырау-Астрахань» тасжолының 252 шақырымы пайдалануға берілді», - деді Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызмет алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін қалған 25 шақырым жол пайдалануға беріледі.

«Биыл облыста 240,8 шақырым жол төселді, оның 88,5 шақырымы облыс орталығында, 152,3 шақырымы аудандарда. Өңірімізде 2024-2027 жылдары 211,2 шақырым қолданыстағы жолдарды жаңғыртуды жоспарлаудамыз. Атап айтқанда, 77,5 шақырым жол қайта жаңғыртудан, 46,7 шақырым жол орташа жөндеуден және 87 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізіледі», - дейді ол. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде