{metadescription}
Алматыда 2030 жылға дейін үш жаңа метро станциясы салынады

Алматыда 2030 жылға дейін үш жаңа метро станциясы салынады

Алматыда метрополитеннің үшінші кезегінің құрылысы аясында 2025 жылы «Қалқаман» метро станциясы салынады.

Ол жолаушылар санын тәулігіне 20 мың адамға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмірин мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Спикердің сөзінше, 2030 жылға дейін «Барлық» базарына дейін қосымша үш станция салу жоспарланды. Онда «Батыс» автовокзалы, LRT және метрополитен станциялары кіретін ірі мультимодальды көлік торабы құрылады. Сондай-ақ ұзындығы 3,1 шақырым болатын «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станциялары іске қосылса да, күн сайын жолаушылар ағыны артқан.

«Өткен жылдың басында 70 мың адам болса, бүгінде қарбалас уақытта 100 мың жолаушыға жетеді. Метроның маршруттық желісінде 11 станция бар. Вагон паркінде 15 электрлі жылжымалы құрам бар, оның ішінде 11 құрам желіде жүреді. Айта кетейік, биылғы жылдың басында 8 құрам болған, қыркүйекте екі, желтоқсанда тағы бір құрамды қостық. Себебі, жолаушылар ағыны артқан. Сонымен бірге 2 құрам резервте, тағы 2-еуі жөндеуде тұр», - деді Асқар Әмірин.

Ол бес радиалды жолды Үлкен Алматы айналма автожолына дейін ұзарту жоспарланғанын да тілге тиек етті. 2027 жылға қарай жұмыстар аяқталған соң Алматы агломерациясы мен қала орталығына дейін көлік байланысын орнатуға мүмкіндік беріледі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.