{metadescription}
Алдағы үш күн 46 градус шыңылтыр аяз сақталады

Алдағы үш күн 46 градус шыңылтыр аяз сақталады

Қазгидромет синоптиктері 9-11 желтоқсанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, аязды ауа райы күшіне мінеді. 

Ал атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың шығысында қар жауады.

Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

Республиканың оңтүстігінде тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты қар жауады.

«Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38 градус аяз, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін суытады. Орталықта және шығыста күн 25-35 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады» деп мәлімдеді синоптиктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде