{metadescription}
Алматының денсаулық сақтау саласына 334,2 млрд теңге бөлінді

Алматының денсаулық сақтау саласына 334,2 млрд теңге бөлінді

Биыл Алматы қаласының денсаулық сақтау саласының бюджеті 334,2 млрд теңге.

Оның 158,5 млрд теңгесі МӘМС пакетіне тиесілі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев айтты.

«2024 жылы алматылықтар медициналық көмекті 213 емдеу мекемесі арқылы ала алады, оның 122-сі – жеке меншік. Биыл қызмет көрсетушілер саны жаңа он клиникамен толықты, олардың дені бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелер, яғни емханалар мен стоматологиялық клиникалар. Олардың тізімімен Қордың fms.kz сайты арқылы танысуға болады», - деді Қор директоры.

Айтуынша, биыл Қор мен медицина ұйымдарының жұмысында көптеген процестер оңтайландырыла бастады, деп жазады kazinform.

Біріншіден, қаржыны медицина ұйымдары арасында бөліске салу процесі толығымен автоматтандырылды. Бұл қаржыландыру әдісін барынша тездетуге мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бірыңғай қызмет пакетін кезең-кезеңмен қалыптастыру жұмыстары қолға алынды. Қазірдің өзінде үш немесе одан да көп келісімшарттың орнына бір келісімшарт, қос қаржыландыру көзінің орнына – бір пулды пайдалану жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл басы артық қағазбастылықтан арылтып, әсіресе, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Мұның пациенттерге кері әсері болмайды, олар медициналық көмек түрлерін бұрынғыша пайдалана бермек», - деді филиал директоры.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде