Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы коллекторынан ақау шықты
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы бутенді олигомеризациялау қондырғысының коллекторында сұйықтық төгілгені анықталған.
Фото: azertag.az
12:50 27.02.2024
Қазір жөндеу жүріп жатыр. Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек, кеше, 26 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысындағы бензин коллекторында ақау шыққан.
«Өнімді тез ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв см қысыммен су жіберілді. Қазір жөндеу жұмысы қолға алынды. Барлық технологиялық қондырғы қалыпты жұмыс істеп тұр. Мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады қоғаммен байланыс бөлімінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!