Павлодарда бір жарым жасар бала терезеден құлап кетті
Бала тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.
13:12 19.04.2024
Бұл туралы Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға кеше кешкілік болған.
«Облыстық жедел жәрдем стансасына 18 сәуір күні сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабарлама келіп түсті. Медициналық бригада 6 минутта жетті. Бала бір жарым жаста. Бас миының жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметінен.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!