Қор нарығында доллар арзандап жатыр
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
Фото: pexels.com
16:19 23.04.2024
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,34 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,32 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 49 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 446,3 теңге.
Ал, Астана қаласында сату бағасы – 444 теңге болса, сатып алу – 448 теңге.
Ресей рублі Алматыда 4,73 – 4,76 теңге, Астанада 4,68–4,78 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!