{metadescription}
Министр G-Park компаниясының заңсыз құрылыс жүргізуіне қатысты пікір білдірді

Министр G-Park компаниясының заңсыз құрылыс жүргізуіне қатысты пікір білдірді

Елімізде тұрғын үйлер салуда заң талаптары 70 пайызға бұзылса, онда құрылыс бұзылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп жазады kazinform.

«G-Park» құрылыс компаниясы мәселесінің қалай шешілетіні туралы ақпарат береміз. Жалпы айтпағым, азаматтар құрылыс компаниясын таңдауда жауапкершілік таныту керек. Егер объектіге ресми кепілдік берілмесе, заңсыз салынса немесе алдын-ала келісімшарттар бойынша жасалса, онда мұндай объектілерден пәтер сатып алмаған дұрыс», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, егер тұрғын үй 70%-ға заңсыз салынса, онда ол бұзылады.

«Заңсыз құрылыспен күрес саласында тәжірибе жеткілікті. Айта кететін жайт, құрылыс жұмыстарына қатысты бүкіл ел аумағында бірыңғай шешім қабылдаймыз, әр нысан жеке қарастырылады», - дейді ведомство басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде