{metadescription}
Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты

Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты

Атырау облысында аудан әкімінің әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізді.

Әйелдің айтуынша, күйеуі оған бірнеше рет қол көтерген. Зәбір көрген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Бірге тұрған 11 жылдың ішінде балаларымыздың көзінше ұрды. Мәселен, 2021 жылы таңғы сағат 04:00-те мас күйде мені балалардың көзінше ұрып, бетіме жарақат салды. Осыдан кейін амалсыз жедел жәрдем мен полиция шақыруға мәжбүр болдым. Балаларымыз үшін шағымымды қайтып алуымды сұрады. Бұл жағдай 2023 жылғы 31 мамырда тағы қайталанды. Тағы да балалардың көзінше мені теуіп, ұрып-соқты. Мені мүгедек қыламын деп қорқытты. Омыртқам сынып, бір ай жүре алмай қалдым. Осы уақытта өзінің таныстарын пайдаланып, балаларымды тартып алды», - деді зәбір көрген әйел.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аудан әкіміне қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігімен тергелген. Қылмыстық іс ақпан айында сотқа жіберілген.

Атырау облысы әкімдігіне сауал жолдадық, онда қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады.

"Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелінің мәлімдемесіне қатысты ақпарат: А.Үмебқалиеваның Атырау облысы әкімдігіне бұрын арызданбағанын хабарлаймыз. Анықталған мән-жайларға байланысты қызметтік тергеу тағайындалды", - деп хабарлады ведомство.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде