{metadescription}
Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде ҮЕҰ арасындағы гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды

Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде ҮЕҰ арасындағы гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстанда ҮЕҰ-ның 10 әлеуметтік жобасы пайда болады.

Олардың авторы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған «Қазақстандықтардың білімін арттыру — әл-ауқаттың өсуіне жол» Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының жеңімпазпазы атанды. Байқаудың басты мақсаты – нақты әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешетін белсенді ҮЕҰ-ны қолдау.

Жәрмеңке 20 жылдан бері әлеуметтік саладағы коммерциялық емес ұйымдардың бастамалары мен жобаларын қолдап келе жатқан Қордың маңызды жобасының бірі. Осы уақыт ішінде барлық жас санатындағы азаматтар үшін инклюзия, білім беру, мәдениет, спорт, кәсіптік бағдарлау және бос уақытты ұйымдастыруды дамытуға бағытталған 300-ден астам жоба байқау жеңімпаздары болды.

- Елімізде ҮЕҰ үшін осындай ұзақ мерзімді жүйелі бағдарламалардың болғаны оң дұрыс. Мен үшін жәрмеңке грант пен қаржылай қолдау ғана емес, бұл сіздің жобаңызға деген сенім. Бес жыл бұрын олар маған сенді, мен үмітті ақтай білдім. Қолдауға рахмет айтамын, қазір мен жаңа өнімдер мен жобаларды бағалауға көмектесетін сарапшы әрі қазылар алқасының мүшесі екенімді мақтанышпен айтамын. Бұл ісін жаңадан бастаушыларға мүмкіндік берудің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді, өйткені дұрыс қолдау болса олар үлкен жетістіктерге жете алады, - деді «Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының» вице-президенті, «Global kishkentai» инклюзивті шеберханасының негізін қалаушы Гүлмира Пармышева.

Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен, шағын ауылдардан республикалық маңызы бар қалаларға дейін 116 өтінім келіп түсті. Байқау шартына сәйкес 50 жоба финалға шықты. Екі күн бойы Қор грантына үміткерлер үш номинация бойынша идеясын қорғады. Жобаларды қоғам қайраткерлері, ғалымдар, әлеуметтік кәсіпкерлерден тұратын қазылар алқасы бағалады.

- Өмір сапасын жақсартудың тиімді жолдарының бірі ҮЕҰ тарту. Азаматтық сектор өз өңірлерінің және тұтастай алғанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынын ұмытпаған жөн. Ал әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі, өз кезегінде, әлеуметтік стартаптарды іске қосу үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды және өңірлерден жаңадан бастаған ҮЕҰ-ға қолдау көрсетеді, - деді қазылар алқасы мүшелерінің бірі, «Камеда» қоғамдық қорының басшысы Махаббат Еспенова.

Жәрмеңке аясында финалистер мен қатысқысы келгендерге арналған екі тренинг өтті. Мотивацияны дамыту бойынша воркшопты Алматы Азаматтық альянсының президенті, профессор, ТДМ маманы Қайыржан Әбдіхалықов өткізді. Ал инклюзивті Sector X радиосының бас продюсері, жаттықтырушы-тәлімгер, журналист Сәуле Алпысова ҮЕҰ өкілдеріне БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас құру туралы айтып берді.

Дәстүр бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ерекше өтті:

  • «Қаржылық сауат ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарты ретінде» номинациясы:
  • «Арал өңірі халқының қаржылық сауатын арттыру» («Арал Ару Ана» қоғамдық бірлестігі, Қызылорда облысы, Арал қаласы);
  • «Ауыл үшін жасыл бюджет» («Жақсылық бастаулары» қоғамдық бірлестігі, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы);
  • «YMB» (Young Money Business) (YMB (Young Money Business), Астана қ.);
  • «Қаржылық инсайд» («Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облысы, Тараз қаласы).

«Азаматтарды жұмыспен қамтудың өсуінің маңызды факторы ретінде жаңа технологияларды игеру және практикалық дағдыларды дамыту» номинациясы:

  • «Баршаға арналған бизнес – кіру тегін» («Жауқазын» қоғамдық қоры, Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Сарышығанақ ауылы);
  • «Инклюзивті қолөнер» («QOLQANAT FOUNDATION» қоғамдық қоры, Алматы қ.).

«Жеке өсу үшін білім беру құзыреттілігі» номинациясы:

  • «Кітап – денсаулық пен білім бұлағы» («Кредо» қоғамдық бірлестігі, Қарағанды қ.);
  • «Табиғи су апаты болған аймақтағы тұрғындармен психологиялық кеңес және оңалту-сауықтыру жұмыстарын жүргізу» («Ой-сана» психологтардың қоғамдық бірлестігі, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы);
  • Ым – әлеуметтік инклюзияға көпір («Балам-ай» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры, Астана қ.);
  • «Дағдыларды дамыту – мүмкіндіктерді арттыру» («Parasat Aktau» қоғамдық бірлестігі, Ақтау қ.).

Олардың әрқайсысы 3 млн теңгеге дейін (жобаның қажеттілігіне қарай) грант алады.

Биылғы іс-шараның серіктестері Қазақстанның Азаматтық альянсы, Алматы Азаматтық Альянсы және Алматы ақпараттық-ресурстық орталығы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.