{metadescription}
Батыс Қазақстан облысында 2 180 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында 2 180 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты қиындыққа тап болғандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Төтенше жағдайға тап болған облыс жұртшылығына ерікті түрде көрсетілетін гуманитарлық көмекті және қаржылай көмекті қабылдау, сақтау және оны таратып беру жөніндегі комиссия төрағасы Ербол Салықовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, игі бастаманы облыстық мәслихаттың депутаттары, белгілі кәсіпкерлер, ірі компаниялар, отандастарымыз бірден қолдады.

Ербол Ғұмарұлының сөзіне қарағанда, өңірде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін облыс әкімінің 5 сәуірдегі өкімімен аталған комиссия құрылды.

Комиссия құрылған күннен бастап республиканың өзге өңірлерінен, көршілес мемлекеттерден гуманитарлық және қайырымдылық көмектер келіп жатыр. Соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Балқаш қалаларынан, Жетісу, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарынан, бауырлас Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Дағыстан республикаларынан жеткізілген гуманитарлық көмекті айтуға болады. Сондай-ақ еліміздегі «BIZBIRGEMIZ», «ASAR UME», «Qaracet ENGINEERING», «Dauletten» қайырымдылық қорлары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат туралы Ұлттық комиссия және басқа партиялар, қоғамдық ұйымдар белсенді түрде қолұшын созды.

«5 сәуірден бастап облысқа 2 180 тонна гуманитарлық көмек келсе, соның 1 040 тоннасы – азық-түлік, 772 тоннасы – құрылыс материалдары, 360 тоннасы – тұрмыстық, гигиеналық заттар, төсек-жабдықтар, қайықтар, құралдар, 8 тоннасы – дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар. 1 420 тоннасы облыстық штаб таратылды. 10 500 отбасына азық-түлік себеттері үлестірілді. Облыстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы, Бөрлі, Теректі, Сырым, Қаратөбе, Бәйтерек, Ақжайық аудандары комиссияларына және БҚО төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағына, БҚО Полиция департаментіне гуманитарлық көмек берілді», - деді Е.Салықов.

Оның айтуынша, БҚО бойынша қаржылай көмекті қабылдау, тарату бойынша «Ақжайық» жеке қоры белгіленді. Қазіргі уақытта қорға 685 жеке және заңды тұлғадан 517 млн теңге қаражат түсті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.