{metadescription}
Алматы метросында зағип жолаушы мерт болды

Алматы метросында зағип жолаушы мерт болды

Алматыда метрополитенінде жолаушы рельстерге құлап кетті.

Алматы метрополитенінің мәліметінше, оқиға 10 желтоқсанда сағат 15:41-де «Абай» станциясында болған. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, рельске құлап кеткен 26 жастағы жігіт мерт болды.

«Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан 26 жастағы зағип жігіт көз жұмды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады», — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

«Абай» метро бекеті уақытша жабылды.

«Абай» станциясы тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін құқық қорғау органдарымен жабылды. Метрополитен штаттық режимде жұмыс істейді. Алайда полиция қызметкерлері тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін «Абай» станциясына кіру уақытша жабылатынын, сондай-ақ бұл станцияға пойыздар уақытша тоқтамайтынын атап өтті», — деп хабарлады Алматы метросының әкімшілігі.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде