{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77750073700; +77010583636
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Ішпектакль

Астарлы ақиқат - Ішпектакль

30.01.2024

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Әйелім ащы суға құмар деп студиямызға Әділбек Әлімханұлы келіп отыр. Сөзіне сенсек, сүйіп қосылған сүйгені араққа әуес болған соң, үйден кетуден басқа амалы қалмапты. Балаларымды бір көруге зар болдым деген әкенің айбын әйелі Есенгүл жоққа шығаруда. Ол алқашты анықтауды Астарлы ақиқатқа тапсырғандай, үйде шайтан су тұрмақ, тамақ жоқтығын көрсетіп бақты.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде