Мақалалар
Мақалалар - Танымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі?
10.05.2019
КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды.
Бұл мәселеде:
Әлемде 30 миллион таңба, бренд бар. Соның ішінде аса танымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі? Біз соның қаншасын өз қажетімізге заңсыз жарата аламыз? Өзіміз бірдеме ойлап таптық па?
Ештеңе ойлап таппасақ та, арақ-шарап, киім-кешек пен тұрмысқа қажетті дүниелердің дәл көшірмесін жасаудан кенде емеспіз. Ал сапасына мән бермейміз. Бастысы қай затқа сұраныс бар, сол брендті қолма-қол пайда көзіне айналдырамыз. Сенбесеңіз, мына жерден қараңыз.
Елімізде шарап өнімдері мен энергетикалық сусындарды заңсыз әзірлеп сату кең таралған кәсіптің бірі. Нарықта сұраныс жоғары. Біріншіден, тауардың бағасы арзан. Екіншіден, оны әзірлеуге көп шығындалмайды. Тағы бір себеп: тағайындалатын жаза тым жеңіл. Тауар белгісін заңсыз иеленгендер көбіне айыппұлмен ғана құтылады.
ҚР Қылмыстық кодексі
Елімізге келетін контрафактілік заттардың дені көрші елдерден жеткізіледі. Кеденнен заңсыз өткен заттар еркін саудаланады. Оған дәлел – Алматыдағы «Барахолка» деп аталып кеткен базардағы сапасыз тауарлар.Әлемге әйгілі сауда маркаларының көшірмесі жетерлік.
Сәнқой қыз-келіншектер оның сапасына аса бас қатырмайды. Тауар белгісіне иелік ететін компаниялардың талабы бойынша тауарлар тәркіленгенімен, қазынаға бір тиын салық төлемей, лицензиясыз саудалануда.
Түрлі тауардың заңсыз көшірмесін жасап сатуға шығаратын елдердің көшін Қытай бастайды. Бұл тізім киім-кешектен бастап, иіссу, түрлі техникаға дейін жетті.
Бұл - дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметі. Қанша айтылса да, әйгілі брендті «сырттай» иемденушілермен күрес тоқтамайды.
Танымал брендтік тауардың артында қыруар ақша тұр. Мол табысқа кенелгісі келетіндер бірден ұрлайтыны сондықтан.
Зиякерлік меншік мәселесінде спорттық киімдер тігетін компаниялар үнемі халықаралық соттарда даудың ортасында жүреді. Бірі – спорттық клубтарға киім тігіп табыс тапса, екіншісі – көшіріп әлек.
Еңбегі зая кеткен сапалы тауар өндіруші миллиардтаған шығынға батып, компания беделіне нұқсан келеді.
Мәселен, Қостанайдың «Тобылы» мен Англиядағы «Уотфорд» клубының жейдесі бірдей. Киімнің түсі, дизайны айна-қатесіз. Отандық футбол командасы осы форманы былтырғы маусымнан бері киіп жүр. Қос команданың ресми өкілі – ортақ.
Ал әйгілі «Барселонаның» формасы мен логотипін көшіргендер қаншама.
Құрамы күмәнді өнімнің қаншасы сатылғаны белгісіз. Контрафактілік заттар ең бірінші кәсіпкерлікке кедергі. Экономика мен халықтың денсаулығына қауіпті. Әйгілі тауар белгісін иемдену, саудадағы әріптестік жөніндегі талаптар халықаралық нормалармен бекітілген. Көлеңкелі бизнеспен айналысатындар үшін тиімді жол емес. Себебі, ережеге сәйкес табыстан түскен үлесті бөліскісі келмейді.
Қазақстанда жалған тауар өндіруші құқық иеленушіге залал көлемін толықтай өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Мұның барлығы жалған тауарға тосқауыл қоюға басты кедергі.
Қазақстандағы контрафактілік тауарлар туралы толығырақ мына жерден қараңыз. Аптаның әр жексенбісінде сағат 20:00-де КТК арнасынан "Аптап" талдау мен түйін жасайтын сараптамалық бағдарламасын ұсынамыз.
Оқи отырыңыз: Қасиетті өсімдіктің қадірін неге кетірдік?
Жер учаскеңізді мемлекет мұқтажына аламыз десе...
Мәжіліс депутатының шіркін-айы мен әттеген-айы
Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...