Мақалалар
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мақалалар - Сымбат Ғалымбекұлы: Қуыршақтай кәріс жігіттерін көріп біртүрлі болдым
13.07.2019
КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды.
Бұл мәселеде:
Оңтүстік Корея еліне барып келген КТК телеарнасы жаңалықтарының тілшісі Сымбат Ғалымбекұлы аталмыш елде көзге ұрып тұратын, өзін таңқалдырған, тамсандырған дүниелермен бөлісті.
Аталмыш елге іс-сапар шегудің басты мақсаты – алдыңғы қатарлы медицинамен танысу болатын.
Алматы қаласынан әуеге көтерілген ұшағымыз аспан көгінде бес сағат қалықтап ұшып келіп Оңтүстік Кореяның Инчхон әуежайына қонды. 40 млн-ға жуық жолаушыны қабылдайтын халықаралық әуежай құдды бір сауда орны іспеттес. Алып әуежай мұражай, дүкен мен мейрамханаға толы.
КТК арнасының түсірілім тобы автобусқа отырып Оңтүстік Кореяның ғылыми астанасы Тэджон қаласына бетке алды. Сеул мен Тэджон қаласының арасы 150 шақырым екен. Ең таңқаларлығы, жол бойында бір бос жатқан алақандай жер көрмедік. Күріш алқабы мен жылыжайдан көз сүрінеді.
Оңтүстік Кореяның ғылыми-зертттеу орталықтары шоғырланған алып шаһарға да жеттік. Ғалымдар мекенінде 1,5 млн халық тұрады.
Ең қызығы,Тэджон көшелерінде ұзын-сонар кептелісті көрмедік. Өйткені аталмыш қалада аспалы жол, көпірр мен туннель көп екен. Көше бойында арлы-берлі жүйткіген тек корейлік автокөліктер.Көлік ағынында жапон немесе неміс брендтері сирек кездеседі. Отандық өнімді қолдауды кәрістерден үйрену керек екен. Отансүйгіштік сезімі мол халық өз өнімдерін мақтан тұтып қолдайды. Көзіміз осыған анық жетті.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарды әңгімеге тарсаң өз елінің мәдениетін, асхана ерекшелігін мақтанышпен айтып отырады. Ең алдымен корей тілінде жауап береді, түсінбесең, ағылшын тіліне көшеді. Ізетті, сыпайы. Екі сөздерінің бірі – «аннёнхасеё», «хамсамида». Ол қазақшаға аударғанда «қош келдіңіз», «рақмет». Таңдандық, әрі тамсандық. Кәрістердің мәдениетін білуге құмарттық.
Бір таңқалдырғаны, оңтүстіскорейлік жігіттердің көбісі бетін әрлеп боянып алған. Олар дене, әсіресе бет терісінің күтіміне аса мән береді екен. Сұңғақ бойлы, қуыршақтай әдемі кәріс жігіттерін көргенде біртүрлі боласың. Бізге жат қылықтары – косметикалық дүкендердері аралап жүрген ер азаматтар көп. Бұл Оңтүстік Корея үшін үйреншікті құбылыс дейді.
Заманауи технологиямен жабдықталған 2200 аурухана мен емханасы бар Тэджон қаласы туралы КТК жаңалықтарында сюжет жасадым. Бұл қаладағы емдеу мекемелеріне бас сұқсаңыз құдды бір шипажай орталығына тап болғандай күй кешесіз. Тексеріліп, күрделі операция жасатуға келген пациенттердің жан тыныштығы үшін барлық жағдай жасалған. Ақ халаттылар әр науқасқа құдасындай құрмет көрсетеді.Дертіне дауа іздеген емделушілер осы қалаға алыс-жақын шет елден осы жерге ағылатыны да содан болар.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар емделіп қана қоймай, кәріс халқының тұрмыс-салтымен етене таныса алады екен. Жат жерде жүргендерді аурухана ұжымы мен қалалық мэрия өкілдері тарихтан сыр шертетін императорлар үйіне, жасыл желегі жайқалған саябаққа, құнды жәдігерлер жинақталған мұражайға және қаланың өзге де көрікті жерлеріне тегін аралатады.
Екі ел арасындағы визасыз тәртіп отандастарымызға Оңтүстік Корея халқының тыныс-тіршілігімен жақын танысуға – тамаша мүмкіндік.
Оқи отырыңыз: Көмек сұраған – ұят емес. Мұқтаж жанды елемеген – ұят
Қарапайым-Ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...
Қосымша шығарылымдарды көрсету