Мақалалар
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мақалалар - Ең жоғары калориялы жеміс-жидектер
17.07.2019
КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды.
Бұл мәселеде:
Жеміс-жидектің пайдасы мол деген кең тараған түсінік бар. Бірақ жазда жеміс-жидекті аямай жегеннің зияны да бар екен.Оның кейбіреуі семіртіп қана қоймай, ішіңді бұрап, асқазаныңды ауыртып жайсыздық тудырады. Жаз айында жеміс-жидектен зардап шеккіңіз келмесе, ең жоғары калориялы 5 жемісті білгеніңіз жөн.
Жеміс-жидектердің құрамында адам денсаулығына қажетті элементтер көп – дәрумен, минерал, антиоксидант, талшықтар және т.б. Дәрігерлер мен диетологтар жаңа піскен жеміс-жидек созылмалы аурулардан, қан тамырлары мен жүрек ауруларынан ерте өлу қаупін азайтады деген пікірі баяғыда санамызға сіңіп кеткен. Алайда жеміс-жидекті шектеусіз жей беруге боолмайды. Өйткені оның кейбір түрінде калория мен сахароза мөлшерден тыс болатыны соншалық, салыстырып айтсақ, тәтті десертті тойып жегенмен бірдей. Сонымен, байқап жейтін жеміс-жидек:
Інжір
Егер жазда субтропикалық, тропикалық елдерге саяхатқа шықсаңыз жергілікті сатушылар сізге інжірді жапа-тармағай ұсынады. Бұл кішкентай ғана жеміс аласа ағаштарда өседі. Оны өсіп тұрған жерінен үзіп бір қапшық жинап алу қиын емес. Бірақ абай болыңыз, 5 кішігірім інжірдің құнарлығы 150-ден кем емес, яғни 35 грамм қантпен тең. Ал күніне 10 інжір жесеңіз, ол ағзаңызға үлкен соққы бергенмен бірдей.
Енді жақсы тұсын айтсақ: інжірдің құрамында К дәрумені мен марганец көп.
Дегенмен артық салмақ қосқыңыз келмесе, інжірді аз мөлшерде жеңіз.
Жүзім
Жүзімді қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды дегенде көпшілік жүзім аса қауіпті деп ойлайды. Жүзімнің 100 граммында 65 калория бар. Ал бір шоқ жүзімнің салмағы 300-400 грамм – табаға майға қуырылған үш жұмыртқаның құнарлығымен бірдей. Сонымен қатар жүзім газ жинаудан алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан салмақ қосып, ішіңіз шеңбірек атып ыңғайсыз жағдайға қалғыңыз келмесе, жүзімді көп мөлшерде жемеңіз.
Шие
Білесіз бе? 100 грамм шиеде 52 калория бар! Ол дегеніміз, бір үлкен кесе тауықтың сорпасын ішкенмен тең. Ал енді бүкпесіз айтсақ, тек 100 грамм шиемен тоқтай аламыз ба? 100 грамм шие – бір-ақ уыс шие! Иә, әдетте бір уыс емес, бір келісін тоқтаусыз жейміз. Ендеше өзіңіз санап көріңіз...
Ұтымдысы, осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың Пенсильвания университетінің ғалымдары шиенің емдеу қасиетін анықтады. Кәсіпқой спортшылардың ас мәзіріне шие қосып зерттеу жасапты. Жаттығумен күні бойы айналысқан спортшылардың әдетте бұлшық еттері мен буын-буындары ауырады. Ал шие жеген соң олар өзін өте жақсы сезінген.
Таңқурай
Аузыңа салсаң еріп кететін үлбіреген нәзік, не тәтті, не қышқыл емес – таңқурайдан бас тарту қиынның қиыны. Таңқурай тез қортылады, оның бір келісін бірер минутта жеп тауысамыз. Ал қанша калория қосамыз? 210 – бір пломбир балмұздақпен тең! Ол аздай, кейбіреулер таңқурайдың үстіне қант сеуіп жейді. Олай істемеңіз! Ішіңізге түскен бірер минуттан соң таңқурайдың құнарлығы тортқа теңеледі. Сондай-ақ быжығанның көкесін көрсетіп, асқазан-ішек жолында бұрқырап божиды. Ішіңді бұрап ауыртып, шеңбірек атқызып ішті желге толтырады.
Қызығы: жаңа піскен таңқурайда ацетилсалицил қышқылы бар, ол қолда дәрі болмаған кезде дене қызуын түсіруге көмектеседі.
Ананас
Ең кішкентайының өзі бір жарым келі. Қабығын тазалап, біреуін екі адам жейді дейік. Шамамен 250 калория – бір үлкен балмұздақпен немесе қуңырылған тауықтың екі санымен тең. Сондықтан ананастың бірнеше түйірін жеген жеткілікті. Ал тойымдылығына келсек, ананастың талшықтары көп болғандықтан оның небәрі 501 граммы ұзақ уақыт қарныңды ашырмайды.
Оқи отырыңыз: Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар
Шетелге шыққанда: Кедендік бақылаудан өту ережелері
Медициналық сақтандыру, дәрі-дәрмек жайын ойластырыңыз
Айыппұлдар мен берешектерді тексеруді ұмытпаңыз
Шетелге шығатын азаматқа қажетті мағлұмат
Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...
Қосымша шығарылымдарды көрсету
Менің сүйікті донорым
Мұрагер
Аңсаған сәби
Кел, шырқайық
Было дело. 2000-е
Портрет недели
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31