{metadescription}

Күндерек

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Ақтауда чемпион шенеунік қамауға алынды

08.02.2019

Бұл мәселеде:

Басқарма басшысы мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінді. 

Ақтауда Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Нұрбек Қарабалаев ұсталды. Ұсталған шенеунік – панкратионнан Қазақстан чемпионына қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ол шетелдік компанияларға аккредитация беру шарттарын заңсыз жолмен жеңілдетіп, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарты бойынша салынып жатқан мұз айдынға сай келмейтін құрылғыны (адиабаттық салқындатқыш) жеткізуге қолдау білдіріпті.

Осындай астыртын әрекеттер салдарынан мемлекетке бір миллиард теңгеден астам шығын келді, деп хабарлады жемқорлыққа қарсы ведомство брифинг барысында. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Айыпталушы шенеунік қамауда отыр. Нұрбек Қарабалаевтың грэпплинг және панкратион бойынша Қазақстан чемпионы және Мәскеуде самбодан өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері екені белгілі.

Дереккөз: Sputnik

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.