{metadescription}

Күндерек

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Атырау облысында 23 жұмысшы түскі астан уланды

05.06.2021

Бұл мәселеде:

Атырау облысындағы Қарабатанда салынып жатқан газ-химиялық кешендегі «Bazis Construction» ЖШС-нің 23 жұмысшысы асханада түскі астан уланып қалды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Олар №2 облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.

«Инфекциялық ауруханаға 3 маусымда сағат 19:45-те 21 жұмысшы, 4 маусымда сағат 01:00-де тағы 2 адам түсті. Ауруханаға жатқан науқастардың бәрінде улану белгілері байқалды. Науқастар бас айналу, құсу, әлсіздік және диарея белгілеріне шағымданған» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Жұмысшылар «Bazis Construction» ЖШС-ның асханасында тамақтанған. Алдын ала қойылған диагноз – тағамдық токсикоинфекция.

«Жұмысшыларға түскі аста манпар, бұршақ сорпасы, сиыр етінен дайындалған тағам, қайнатылған шұжық, пісірілген тауықтың төс еті, қайнатылған қарақұмық, макарон, қырыққабат салаты ұсынылған. Олар улануды түскі аспен байланыстырады», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.