{metadescription}

Күндерек

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Оралда 3 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

28.06.2021

Бұл мәселеде:

Оралда үш жасар ұл бала үшінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кетті.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 27 маусым күні сағат 20.30-да С.Меңдешев көшесі 11-мекенжайында орналасқан бес қабатты үйде болды. Ата-аналарының қарауынсыз қалған үш жасар бала терезеден құлап кетті. Ауруханаға жатқызылған баланың жағдайы орташа, ол жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 20.30-да шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті. Бала облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

«Бас пен мидың жабық жарақатын алған баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Аурухананың травматология бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 7 бала терезеден құлап кетті, олардың біреуі қаза болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде