{metadescription}

Күндерек

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - 2024 жылы он сегізге толмаған балалардың атына арнайы шот ашылады

01.09.2022

Бұл мәселеде:

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай «Ұлттық қор - балаларға» жобасына түсінік берді.

Бұл жайында ол Facebook парақшасындағы постына жазылған пікірлер арасында атап өтті.

«Пікірлерде қосымша сауалдарға жауап берейін. Бұл норма күшіне енген кезде, яғни 2024 жылы 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылады. Олар кәмелеттік жасқа толғанша қаржы түсіп тұрады. Шоттардағы қаражат шетел валютасында болатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляция қорғауға мүмкіндік береді» деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Желдібай бүгінгі Президент Жолдауының кей өзекті тұстарын түсіндіріп, әр бала 18 жасқа толғанша есепшотында кемі 3 мың доллар жиналатынын айтқан еді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.