{metadescription}

Күндерек

Файл не найденx0:000:00

Күндерек - Сарыағашта 22 жастағы жігіт адам қағып, қашып кетті

03.10.2022

Бұл мәселеде:

Әлеуметтік желіде жүргізушілер арасында туындаған кикілжіңнің видеосы тарады.

Жол үстінде кілт тоқтаған «Жигули» көлігінің жүргізушісі артынан келе жатқан көлік иесіне күш көрсетпек болған. Сол сәтте «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі алдындағы адамды қатты жылдамдықпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткендігін видеодан анық көруге болады.

Тәртіп сақшылары оқиғаның Сарыағаш ауданында болғандығын анықтады. Жедел іс-шаралар барысында күдікті қолға түсті. Тексеру кезінде оның жүргізуші куәлігі жоқ 22 жастағы жас жігіт екендігі белгілі болды.

«Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі, 612-бабының 2-бөлігімен екі бірдей хаттама толтырылды. Ал көлік айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар, 2 қазанда іс процессуалдық шешім қабылдау үшін Анықтау бөлімшесіне өткізіліп, ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіле бастады. Бүгінде жол апаты салдарынан жарақат алған жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда жәбірленуші ауруханада ем қабылдап жатыр», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.