{metadescription}

Күндерек

Файл не найденx0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Алматылықтардың түнде үйде қалғаны қаншалықты қауіпсіз – Сейсмологтар жауап берді

04.03.2024

Бұл мәселеде:

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев алматылықтар бүгін қатты жер сілкінісінен қорықпай, үйде қауіпсіз бола ала ма, әлде қала сыртында немесе қабылдау пункттерінде күту керек пе деген сұраққа жауап берді.

«Біздің сейсмикалық қауіпті аймақта тұратынымызды түсінуіміз керек. Жер сілкінісі үнемі болып тұрады. Мен өз басым үйде қалуды жоспарлап отырмын. Ешқайда бармаймын», – деді Дәулет Сәрсенбаев.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері спикерлерден "Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгідей күшті афтершок болу мүмкін бе?" деп сұрады. 

«Түркияда Оңтүстік Анадолы жарығы бойында негізгі жер сілкінісі болған соң, артынша афтершоктар тіркелді. Бұл осы аймақтағы жер қыртысының ерекшеліктеріне және онда жинақталған шиеленістерге байланысты. Біздің аймаққа келер болсақ, дәл осындай жағдай Қырғызстанның, Қытайдың шекаралық аумағында бар, ал бұл дүмпуден кейінгі сілкіністер негізгі сілкіністің қуатынан аспады», – деді Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.

Дереккөз: Kazinform

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.