{metadescription}

Күндерек

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Тәжікстанда қар көшкіні мен тас құлау қаупі күшейді

05.03.2024

Бұл мәселеде:

Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті ел тұрғындары мен қонақтарына алдағы күндері республиканың таулы аймақтарында, «Душанбе – Худжанд»  автожолының аумағында және Таулы-Бадахшан автономиялық облысының батыс аудандарында қар көшкіні мен тас құлау қаупі жоғары болатынын ескертті, деп  жазады kazinform.  

Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті тұрғындарды ұзақ сапарға шығудан, отын жинаудан, аң аулауға және балық аулауға барудан, сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар аймақтарға барудан бас тартып, сақ болуға шақырады.

Бұған дейін Комитет жауын-шашын салдарынан Гиссар жотасының тауларында, сондай-ақ «Душанбе – Хорог», «Душанбе – Худжанд», «Душанбе – Лахш», «Хорог – Мургаб», «Хорог-Ишкашим» автожолдарында қар көшкіні ықтималдығы сақталатынын хабарлаған болатын.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.