{metadescription}

Күндерек

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Абай облысында жоғалып кеткен 3 адамды іздеуге тікұшақ тартылды

27.03.2024

Бұл мәселеде:

Абай облысы Аягөз ауданында өзенде жоғалып кеткен 3 адамды іздеуге тікұшақ тартылды. 

Аягөз ауданында Борлы өзені арқылы жолды қысқартпақ болған екі адам із-түссіз жоғалған. 4 күн бұрын тағы бір адам дәл осы өзенде жоғалып кеткен еді. Үш ер адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 

«Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен әскерилерден жалпы саны 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар да көмекке келіп жатыр. Су түбінің лай болуы және ағынның қаттылығы сүңгуірлерге кедергі келтіруде», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сағат 18.26-да МИ-17 тікұшағы тартылып, Борлы өзені бойына аэровизуалды бақылау жасалды. Алайда бұл да нәтиже бермеді.

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары кеш қараюына байланысты уақытша тоқтатылды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.