{metadescription}

Күндерек

Файл не найденx0:000:00
Реклама Загрузка

Күндерек - Петропавлда суға кеткен 10 жасар баланың денесі сегіз күннен кейін табылды

22.06.2024

Бұл мәселеде:

Петропавлда Есіл өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 10 жасар баланың денесі қала маңындағы елді мекендердің бірінің жанынан табылды.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суға кеткен баланың денесін іздеуге бүгін таңғы сағат 8.30-дан кете 12 құтқарушы, екі арнайы техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат және еріктілер шыққан.

Сағат 16.00 шамасында 2014 жылы туған Саймухиддиновтың денесі Петропавлдан шамамен 20 шақырым жерден, Соколовка елді мекені маңынан табылып, судан шығарылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

Естеріңізге салайық, 14 маусым күні 10 жасар бала достарымен бірге Петропавлдың Зайсан шағын ауданы жанында Есілге шомылуға түскен.

Дереккөз: Kazinform   

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.