Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
03.05.2016
Қызылордадағы күш құрылымдарының құрбаны болды деп таратылған сурет жалған боп шықты
Полиция Қызылордада соққыға жығылған ер адам үшін күш құрылымдарына айып таққан арандатушыларды іздестіруде. Қаскүнем ниеттегі адамдар әлеуметтік желілерде қан-жоса болып жатқан ер адамның суретін таратқан.
Алайда белгілі болғандай, аталмыш сурет Қазақстан еліне еш қатысы болмай шықты.
1 мамырда әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшаларда белгісіз адамдар «Қызылорда қаласында полиция қызметкерлері соққыға жыққан еркек» деп жаппай сурет таратқан, - деп хабарлайды КТК арнасы.
«Аталмыш ақпарат шындыққа жанаспайды, ол жалған және арандатушылық болып табылады», - деп мәлімдеді Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі.
Ішкі істер департаменті хабарлағандай, өткен демалыста Қызылорда қаласында күш құрылымы қызметкерлерінің қолынан жарақат алып, денсаулығына зиян келтіретін қақтығыстар болған жоқ. Ал әлеуметтік желілерде жаппай таратылған фото шындыққа жанаспайды.
«Анықталғандай, аталмыш сурет ajanshaberler.com сайтынан алынған. Онда 2015 жылы ақпан айында Қытайда орын алған оқиға туралы жазылған. Қазір Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті арандатушылық фактісі бойынша тексеру жүргізе бастады. Арандатушылар жауапкершілікке тартылатын болады», - деп нақтылады ІІД.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Серіктестер жаңалықтары