{metadescription}
25 –  31 наурызға арналған жұлдыз-жорамал

25 – 31 наурызға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл аптада мені не күтіп тұр? Қандай қуаныш, қандай жаңалықтар болмақ? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 25 – 31 наурызға  арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

25 – 31 наурызға арналған жұлдыз-жорамал

Тоқтылар салтанатты шараға шақыру алады. Аптаның әр күні түрлі жаңалық әкеліп отырады.  Ойлап жүрген істерін қайта қарастыруға тура келеді. Жоспарларын өзгертеді. Бұрын бармаған жеріне баруы мүмкін. Ақпарат легі көп-ақ. Рухани жаңғыру, білімін толықтыру күтілуде. Көбісінің жаңа оқуға немесе басқа бір нәрсеге құштарлығы ашылады.  Маусымдық жағдайларға байланысты бұрынғы ойластырып жүрген шаруасын аяқтайды. Жоламай жүрген адаммен қатынас орнайды. Жеке өмірде жаңалықтар күтілуде. Романтикалық сезім басымырақ болмақ. Оның нәтижесі тек көңіл күйіне байланысты болмақ.

 
Торпақтар жұмысы мен айналасындағыларға көзқарасын өзгертеді.  Бұл мерзімде  бұрын басымдылықтарға деген көзқарасы өзгереді. Бұрын құрметті деп саналатын дүниелер артықшылығынан айырылады. Жеке тұлғаларға қатысты жаңа бағыт орнатылады. Соларға талпыныс болады. Кәсіби саладағы міндеттемелерге қатысты еркіндік пен тәуелсіздік орнайды.  Өзінің күш-жігері мен тырысуының нәтижесін көреді. Көп адаммен кездесіп, аралас-құраластар күтілуде. Оның барлығы пайдалы болмақ. Кейбір таныстық пайдасын әкеледі, бірқатар проблемасын шешеді. Шығындарға ерекше назарын аударады. Ақша мәселесі бірінші орынға шығады. Жақындарының көмегінің арқасында қымбат, маңызды дүние сатып алады.  Жеке өмірде таныс адамына арқа сүйейді.


Егіздер тәжірибелі әріптесі немесе досының кеңесіне құлақ түреді. Бұл мерзімде әлеуметтік, саяси немесе тарихи шаруаға байланысты жобаның маңызы болмақ. Аталмыш уақытта істеген істеріңізді қолдауға немесе шешуге қатысты мәселені қолға алады. Айтылған сөз бірге жұмыс істеудің болашағын шешіп береді. Басты мақсат өзіне сенім арттыру. Өзгенің сеніміне кіру де маңызды болмақ. Бұл апта ақпарат жинауға арналады. Өзгенің тәжірибесі өз мүмкіндіктерін ашады. Бірақ достарынан айырылып қалу қаупі бар. Ескі таныстарды қайта қарайды. Ауырлықтан ажырауға ұмтылыс бар. Қаржы мәселесі ойландырады. Жақын адамымен ақшаға бола ұрсысып қалуы мүмкін. Жағдай соншалықты қиын болмаса да, бұрынғыдай жаймашуақ күндер артта қалады. Махаббат жоғалған секілді...


Шаяндар үшін кездесулер, бұрынғы одақтастармен келіссөздер күтілуде. Сіздің қолдауыңызбен маңызды мәселені шешу үшін ескі таныстарыңыз байланысқа шығады. Дегенмен жағдай сізге қолайлы болады. Оның пайдасын көрсесіз. Сонымен бірге кәсіби салада жаңа таныстар пайда болады, жұрт алдына шығып сөйлеп қалуыңыз мүмкін. Белгілі бір топты, партияны, қозғалысты сөз қыласыз. Ортаңызда өзгерістер болмақ. Әлеуметтік мәртебеңіз өзгеруі мүмкін. Сіздің арқаңызда тұрақтылық пен сенімділікке қатысты мәселені өзгелерге жеткізу үрдісі жүруі мүмкін. Көбісінің жеке өмірі екінші орында қалады. Туыстарыңыздың жағдайын шешуге талпынасыз. Бірақ қарым-қатынас алыстан жүргізіледі. Жұмыс аясында сапарға шығасыз. Шағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол кеңседе немесе үйде болуы мүмкін.


Арыстандар серіктесімен сыйыспай, тағатсыздық танытады. Көңіл күйі кәсіби салаға да ықпал етеді. Жанжал тууы мүмкін. Шиеленістер көп болмақ. Көп жыл араласқан адамымен қоштасуға тура келеді. Тіпті досымен де. Бұл жағдайдан қатты соққы алса да, жоспарлаған істерін өзгертпей, алға жылжиды. Өзіне деген сенімі мол, өзінің маңыздылығын мақтан тұтады. Бұл аптада денсаулыққа көңіл бөлгені жөн. Егер денсаулығына қатысты сапар жоспарласа, оның пайдасы болатыны сөзсіз. Сәттілік бастама көтергендерде болмақ. Қол қусырып отыра бермегені жөн. Айналасында көп нәрсе өзгереді. Тіпті өзінің келбеті де. Соған көңілі көтеріледі.


Бикештер өзінің отбасылық құндылықтарын, өзінің тырысқандығының нәтижесінде туыстарымен қатынасын мақтан тұтатын болады. Бұл аптада әлемде болып жатқан жаңалықтардан гөрі, туыстарының жаңалықтары маңызды болады. Істері көбінесе ұсақ-түйекке арналады. Майда-шүйдеге аударған назары кейбір үрдістерді бақылауға септігін тигізіп, соның арқасында өзін жинақы, мұқият, қағылез сезінеді. Кішкентай болсын қуанышқа, қарапайым жаңалықтарға қызығушылығы артады. Шағын жолға шығасыз, жақындарға көмек көрсету мақсатында. Көбісінің жеке өмірінде маңызды оқиға орын алады. Жаңа сезім бойын жаулайды. Қуанышты бағалайтын болады. Соның арқасында тартымдылығы да артады.


Таразылар тыныштық пен сенімділік астында эмоционалдық тұрақсыздығын мұқият жасыра алады. Өзінің күш-қайратына күдігі басым, мүмкін алдында жоспарлаған жолды қадағалай алмауы мүмкін. Дегенмен, достарыңыз бен әріптестеріңізге үнемі қолдау көрсете аласыз. Жауапты адам ретінде өзгелердің сізге деген сеніміне құрметпен қарайтын боласыз. Және бұл  сізді үмітсіздіктің түбіне апаруға жол  бермейді. Дегенмен кәсіби іс-шараларда жоспарларыңыз бен мақсаттарыңызға айтарлықтай әсер ететін көптеген бақылаусыз, күтпеген оқиғалар болады. Келіссөздер, кездесулер, ұзақ мерзімді сипаттағы бизнес-менеджментпен байланысты көптеген өзгерістер болады. Ынтымақтастық қайта қалпына келтіріледі, одан сіз оны аз уақыт бұрын уыстан шығарып алғансыз.  Қарыздарды өтеуге асықпай жүрген адамдармен байланыс қажет болады. Бірақ осы аптада материалдық тұрғыдан жақсаратын боласыз. Мерекеге қатысасыз. Сізге ғашық адам сезімін білдіреді.


Сарышаяндар жеткен табысынан басы айналатын адамдардың қатарына жатпайды. Шынымен де танымалдылыққа, мадаққа ие боласыз.  Алға қойған мақсатқа бір табан жақындайсыз.  Қаржылық деңгейіңіз толығымен өзгермесе де, кәсіби біліктілігіңіз бен өз қабілетіңізге сұраныс барын сезінесіз. Қызықты жобалар болады, ынтымақтастыққа ұсыныстар түседі. Жеке өмірде еміріңізде елеулі өзгерістер болмақ. Бұған сіздің жеке қасиеттеріңіз емес, сізге таныс адам туралы да ақпарат ықпал ететін болады. Ескі  қарым-қатынас аяқталады.  Айырылысу сізге еркіндік береді. Жаңартылған мәртебеңізде  көптеген тәуелсіздік пен белсенділікке қол жеткізе аласыз. Іскерлік бабымен сапарға шығып қалуыңыз мүмкін.


Мергендер бұрынғы танысынан сыйлық алады. Жылы кездесулер, отырыстар болуы мүмкін. Бұл аптада болатын шарттар сенімге, адамның тартымдылығы мен ашықтығына негізделеді. Бірақ алыс сапардан көңіліңіз қалуы мүмкін. Үйіңізден алыс жерде жасалған шаруа табыс әкелмейді. Ал еңбек демалысын алсаңыз, ол сәтті болмақ.  Сіздің қаржылық мүмкіндігіңіз төмендейді. Соған қарамастан алдын ала жоспарланған  ірі зат сатып аласыз. Жақын туыстарыңызға қатысты бірқатар мәселелер туындайды. Біреуді уатып, қамқорлық көрсетіп, тіпті оқытатын боласыз. Бұл апта әріптестеріңіз бен достарыңызбен қарым-қатынасты реттеуге арналған апта. Бұрыннан бері араласып келе жатқан досыңызбен қатынасты мүлдем үзесіз.

Тауешкілер жаңа танысының арқасында бұрынғы проблемасына басқаша қарайтын болады. Бұл аптада достық қатынас маңызды болмақ. Адамдармен араласқыңыз келеді, бұрыннан өзіңізге сенімді болсаңыз, енді өзіңізді тыңдатуға,  өзіңізді түсінсін деген талап қоятын боласыз. Қысқа сапар болуы мүмкін. Техникалық мәселеге қатысты және жөндеуге қатысты мәселемен жолға шығып қаласыз. Көп уақытыңыз далада өтеді. Спортпен айналысып немесе қара жұмыспен айналысасыз. Көбісі өзінің сыртқы келбетін реттеуге көшеді. Ал қаржы мәселесі жақын туысыңыздың қолында тұр. Салқынқандылық, әдеп сақтағаныңыз жөн. Отбасы мүшелерімен абай болыңыз, түрлі көзқарастар жанжалға әкелуі мүмкін. Ақшаға қатыст ұрыс туып қалуы да мүмкін. Соған қарамастан рухани жаңғыруға талпынасыз. Көңіл күйіңіз романтикалық оқиғаға итермелейтін болады.   
Суқұйғыштар тәуелсіз және оқиғадан шеттеп қалған күй кешеді. Біраз ақпараттан алшақ қаласыз. Айналаңыздағы әркімнің ісін сынап-мінейсіз. Бұл сіздің мықты жағыңызды көрсетеді. Әріптестеріңіз бен достарыңыз сіздің алдыңызда жақсы болып көрінуге талпынады.  Сіздің ықыласыңызға бөлену үшін жанталасып сіздің көңіліңізді аулайды. Бұл мерзімде келбетіңізді жақсартуға жұмсаған ақша тиімді болмақ.  Кәсіби салада таңдау мүмкіндігі туады. Бейтаныс адамнан ұсыныс түседі. Алыс жақтан ынтымақтастық орнатқан сәтті болмақ. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу сіз үшін маңызды болмақ. Ресми мекемеден маңызды құжат аласыз. Думанды кешке қатысасыз. Жақын адамыңыз ерекше ұсыныс жасайтын болады.


Балықтар өзі үйреніп кеткен жақын адамдарына белсенділік танытады.  Жақын адамына қамқорлық танытып, өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсетеді. Бұл апта өмір сүру дағдысын, жұмысқа деген көзқарасын, адамдарға деген қатынасын қайта қарайтын уақыт.  Ахуалын жақсарту, жоспарын өзгерту туралы таңдау тұр. Осы кезеңде заңгерлік мәселеге қатысты дауға қатысуыңыз мүмкін. Сіздің мүддеңіз мүліктік саланы,  маңызды құжаттарды рәсімдеуді қамтиды. Өз бастамаңызбен сапарға шығуыңыз мүмкін. Түсетін ақпарат өте маңызды болмақ. Кейде әңгіме тыңдауға құлықсыз боласыз. Сонымен қатар ақпарат беруде салмақтылық танытасыз. Жасырын ақпараттар көп кездеседі. Ал қаржы мәселесі тек сіздің жинаған тәжірибеңізге қатысты өрбімек. Тұратын жеріңізді өзгерткіңіз келеді. Мақтау сөздерді көптеп еститін боласыз.
 

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Қазақ халқының ойын-сауығының мағынасын білесіз бе?

Астық араласқан қазақ тағамдары  

Ішім сезіп тұр: Түйсігімізді алдайтын 8 жағдай

Қазақ – қызды аса аялаған, күткен халық

Ұтқыр шешім. Табанды еңбек. Сындарлы саясат 

Жазира Бегалы: Қуаныштан жылап жіберген сәттерім көп 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде