{metadescription}
Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?

Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?

Қалай ойлайсың, елімізде пәтер сатып алуға ақша жинау мүмкін бе? Басыңда баспанаң жоқ, ал пәтер алайын десең, жалақың – аз. Пәтер сатып алу үшін нені білу керек? Ипотеканың алғашқы жарнасына қанша жыл ақша жинау керек? Бүкіл Қазақстанда пәтердің бағасы мен орташа жалақы қандай? Жалпы, орташа жалақымен пәтер сатып алу мүмкін бе? Қай өңірде пәтер арзан?

Баспана сатып алғысы келген адам ең біріншіден өзіне мынадай сұрақ қояды: қанша жыл үнемдеп ақша жинауым керек? Нұр-Сұлтан мен Алматыдан баспана алу үшін шамамен жалақың қанша болуы тиіс?  

Мәселен, ай сайынғы жарналарына байланысты - 30, 50 немесе 100 мың теңгеге – бір бөлмелі 38 шаршы метр пәтерге  немесе алғашқы жарнаға қанша жыл ақша жинаймыз?  Биылғы сәуір айындағы тұрғын үй бағасының индексін қарайық. Қазақстанның 17 қаласы қарастырылды. Жылдық тиімді мөлшерлемесі 10% капиталдандыру арқылы салым бойынша сыйақы есептелді.

Нұр-Сұлтанда бір адамға ай сайынғы шығын 200 589 теңге шығады.ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша, орташа жалақы 233 466 теңге. Сонда кәдуілгі астаналық ең жақсы дегенде ай сайын 33 мың теңге жинақтауына болады.

Ипотека бойынша алғашқы жарнаға қанша жинау керек?

Әдетте, бұл тұрғын үй құнының кемінде 20% құрайды. Мысалы, ауданы 38 шаршы метр бір бөлмелді пәтерді сатып алу үшін Қазақстанның бастапқы нарығында 10 643 078 теңге (1 шаршы метрге 280,081 теңге, Комстат) тұратын баспана сатып алуға қажетті бастапқы жарна – 2 128 2615 теңге.

Сонда аталмыш соманы жинау үшін орташа табысты қазақстандықтың шамамен төрт жыл және жеті ай кетеді. Депозит бойынша ай сайынғы жарна 30 мың теңге. 50 мың теңгеден салып отырса, үш жылда жинап алуына болады. Ал 100 мыңнан салса, бір жыл жеті айда жинайды. Бірақ, бұндай жарнаны төлеу кез келгеннің қолынан келмесі анық.

Пәтер бағасы мен жалақы

Статистика комитеті және Krisha.kz мәліметі бойынша 2019 жылдың бірінші тоқсанында барлық өңірде орташа жалақы пәтердің шаршы метр құнынан төмен. Тек Атырауда шаршы метр 262 840 теңге, ал жалақы — 322 674 және Ақтауда — 198 320 мен 287 876 теңге.

Материал Krisha.kz сайтынан аударылып алынды.

Оқи отырыңыз: Инфографика: Тұрғын үй бағасында не өзгерді 

ПИК-сіз өмір: Не өзгереді? 

Үй салудың ең оңай үлгісі 

Ресепшн: Күмәнің болса, қолдануға асықпа 

Жер учаскеңізді мемлекет мұқтажына аламыз десе... 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде