{metadescription}
Дина Төлепберген: Әп-әдемімін, бірақ...

Дина Төлепберген: Әп-әдемімін, бірақ...

Дина Төлепберген. КТК телеарнасындағы «Астарлы ақиқат» ток-шоуының жүргізушісі. Журналист, тілші, репортер, продюсер, тележүргізуші, медиа жаттықтырушы, спортшы-жүзгіш, велосипедші деп ұзақ-сонар жалғастыра беруге болады, лайым солай болсын. Динаның икемділігіне, қабілетіне, өзін-өзі дамытып, жетілдіруге деген ынтасы кімді болсын қызықтырады. Дина осы қандай адам? Бүгін Дина Төлепберген 30 блиц-сұраққа лезде жауап берді. Қарайық.

Неден жалықтыңыз, неден қамығасыз?

«Астарлы ақиқатқа» шығатын кейіпкерлер шынайы ма?»  деген сұрақтан жалықтым. Тағы қайталайын, біз ештеңені ойдан шығармаймыз. Бұл – өмір. Бағдарламаға келетін жандар әртіс емес, тығырықтан шығар шешім іздеген кәдімгі адамдар.   

Журналист мылжың ба, шыншыл ма?

Мен бе? Бос мылжың болғаннан аулақ. Мылжыңдасақ та, шыншылмыз. 

Жұмыс жалықтыра ма, шабыттандыра ма?

Бір орында тұрсаң, жалықтырады.  Ал сенің жұмысың біреудің өмірін, тағдырын оң өзгертсе, шабыттан уақыттың қалай өткенін сезбейсің.

Камера алдындағы ойыңыз бен камерадан тыс ойыңыз тым алшақтап кетсе...

Онда тағы бір рет  ойлану керек...

Эфирдегі Дина қандай?

Мұны көрермен біледі.

Эфирден тыс Дина қандай?

Мұны жақындарым біледі.

Бейтарап, риясыз жүргізушісіз бе?

Болмасаң да ұқсап бақ!

Осыған дейін жасаған дүниемнің ішіндегі мақтаулысы –

Атқарылған жұмыс көп. Бірақ мақтан ететін, мінсіз  дүниені әлі жасамаған сияқтымын.

Әйел міндеті, журналист міндеті, қайсысы маңыздырақ?

Ол өзің тұрған локацияға байланысты.

Мені өкіндіретін...

«Астарлы ақиқатты» тікелей эфирге шығарудың реті келмей жатқаны.  

Мені ойландыратын...

Болашақ мамандықтары. 

Түр-келбетіңізге көңіліңіз тола ма?

Әп-әдемімін, бірақ ең емес.

Шабыт беретін не?

Ізденіс. «Бітті» дегенді бастау.  Шешімі жоқ дегенді бар қылу.    

Бастаған істі аяқтаған қиын ба?

Ол бастаған іске байланысты.  

Қосымша қандай мамандықты игеруге дайынсыз?

Кондитерлік.

Жабырқаған Динаны кім жұбатады?

Тек  Динаның өзі ғана.

Бақыттан бас айналған сәт, ол  -

Таяуда Италияда өткен ашық судағы жарысқа қатысып келдім. 5 км жүзіп өтіп, аяғым жерге тигенде, бақыттан басым айналды.  

Жүйкеңізге әсер ететін...

Эндокринді жүйе

     Дина  нені аңсайды?

Мәселен, 1 шақырым қашықтықты 20 минуттың ішінде жүзіп өту.

 Не нәрсе мәңгі?

Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес! Тек таңғы елес!

Кімге ұнағыңыз келеді?

Айнама

Дина өзіне қалай қарайды?

Жалпы, өзіме қараймын ба десеңші...    

Не нәрсе езу тартқызады?

Жақсы әзіл ...

Үш күн демалыс берсе, оны неге арнайсыз?

Өте қиын сұрақ. Әдетте, біздің бар демалыстарымыздың бәрі монтажда өтеді. Ал тап қазір денсаулығыма көбірек назар бөлу керек болып тұр.   

Дина ашуын қалай жеңдіреді?

Позитивті оймен. Немесе, Ғалымжан Молдазардың әндерін тыңдаймын.

Бұл өмірде не қымбат?

Уақыт. Ал девальвациядан кейін   теңге.

Арман мен қиялдың арасы қаншалықты жақын?

Неғұрлым  көп еңбектенсең, соғұрлым жақын!

Кімге алғыс айтасыз?  

КТК көрерменіне! «Астарлы ақиқаттың» командасына! Отбасыма – анама, күйеуіме, балаларыма.  

Түптеп келгенде, өмірдің мәні –

Өмір! Жүрек ауырмай соқса, бақыт қой!

Айта кетсек, әр оқиғаның, өзегі өрбіген мәселенің тек ақиқатын ақтаратын «Астарлы ақиқат» ток-шоуы жаңа маусымға сақадай-сай тұр.

9-қыркүйектен бастап дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 20:00-де КТК арнасының студиясында Дина Төлепберген түрлі кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, мәселенің күрмеуін шешуге кіріседі.  

Оқи отырыңыз: Тест: Сізді не мазалап жүр? 

Жаз мезгілін офисте өткізетін адамдарға 6 кеңес 

Қарапайым-Ханшайым: Мен енді басқа адаммын, өзімді таппай адасып жүрген қыз емеспін 

Қарапайым-Ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады 

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде