{metadescription}
Қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал

Қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал

Қыркүйек айы маған қалай болады, не тындырамын, не күтіп тұр, несімен қызықты? Қандай қуанышты оқиға бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Қыркүйек айына арналған жұлдыз-жорамал.

 Тоқты өзінің сүйкімділігі мен ілтипатты қарым-қатынасын өзінің жақын адамдарына арнайды. Басқа адамдар жиі жіберетін қателіктерден аулақ болуға тырысады. Басқалармен қарым-қатынаста ұсақ-түйектер маңызды бола бастайды. Тап осындай ұсақтардан басқа адамдардың ниетін танитын болады. Қыркүйек айында интерьерді жақсартуға, үйде және жұмыс орнында жайлы болуға деген ұмтылыс пайда болады. Мүмкін үйге арнап бір нәрсені сатып алады. Алда көптеген шағын сапар, жоспарланған сапарлар бар. Қыркүйек материалдық өзгерістермен байланысты жаңа мақсат мен міндет  белгілейді. Жауапкершілікті сезінетін болады. Қызығушылық өрісі кеңейеді. Ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері пайда болады. Одан да көп жұмыс бар. Жаңа міндеттемелерге, қосымша істерге белсене кіріседі. Туысқандардан жақсы жаңалық келеді. Бұрынғы достарына ерекше назар аударады.  

Торпақ құпияны, мәлімдемелерді әрең сақтап, өзін шектеумен болады. Басқалар сізден ақпаратты күтеді, соның көмегімен сізге әсер етуге тырысып, өз мүддесіне бағындыруға тырысады. Бұл сіздің өміріңізде көп нәрсе өзгеретін қиын кезең. Өзгерістер жақын адамдармен қарым-қатынастан бастап, өмір сүру жағдайына дейін болмақ. Көбісі мекен-жайын белгісіз мерзімге өзгерте алады. Қалғандары іскерлік ынтымақтастық аясында саяхаттайды. Жаңа жұмысқа ауысу және жұмыспен қамту үшін жақсы кезең. Бұрынғы байланыстар, қарым-қатынастардың маңызы зор болады. Жарқын кездесулер, шағын ортада жылы қарым-қатынас болуы мүмкін. Түр-келбетіне көңіл бөлінеді, келбеттің жақсаруына байланысты белгілі бір үрдіс өзекті болады. Денсаулыққа көңіл бөлу керек, өйткені қыркүйек ескі проблема қозуы әбден мүмкін. Профилактикалық емделіп, дәрігерге жүгінеді. Қаржылық жағдай қуантады. Маңызды сатып алу бар.

Егіздер айналасындағыларға қарағанда олардан көбірек білетіндей түр жасайды. Осы кезеңде сізде үлкен мақсаттар бар. Ең бастысы - табандылық пен оларға жетуге деген талпыныс. Сіз қарапайым, айлакер және парасаттысыз. Ақшаны оңай және тіпті ұқыпсыздықпен жұмсай бастайсыз. Сәттілік сізді қаржылық мәселелерде және кәсіби қызметте сүйемелдейді. Кәсіпті басқаратын, тәуелсіз бизнеспен айналысатындарға әсіресе сәтті болады. Маңызды шешім көбіне кадр саясатымен байланысты қабылдануы керек. Қыркүйек айында су және әуе, іссапарлар, жоспарланған қадамды орындау арқылы саяхаттауға болады. Сіз көптеген адамдар үшін керемет тартымды боласыз, өйткені мізден бәрі үлгі алғысы келеді. Дегенмен, жақында ғана танысқан адамдар мен бір сәттік одақтастарға сын көзбен қарауыңыз керек. Алдау, көңіл қалу, ақталмаған үміт орын алуы мүмкін.

Шаян қарқынын сақтауға мәжбүр. Жағдай тез қарқынмен дамып келеді, бұл сізді кідіртуге алаңдамай әрекет етуге мәжбүрлейді. Алдағы аптадағы мүмкін қадамдарды есептеп, ойланасыз. Барлығын бақылауға деген талпыныс шектен тыс болмақ. Дегенмен қарсы шыққаннан гөрі мойынсұнған жөн. Бұл күш-қуат салатын үлкен істер кезеңі. Сонымен бірге ешқандай шектеусіз ынтымақтастыққа қабілеттісіз. Әрқашан және барлық позицияларда жеңіске жететін боласыз. Қыркүйек белгілі бір соманы жұмсау үшін шығындалсаңыз да, қаржы жағы жағымды болады. Мәміленің аяқталуы, жылжымайтын мүлікті сату мәселесінің сәтті шешілуі. Жалпы бұл ай мүлікке қатысты дүниенің шешімін тауып, ол жақсы нәтиже беретін кезең. Алыстан қызықты жаңалықтар күтіледі. Көптен бері кездеспеген досыңыз келеді. Осы күнгі кездесулер қаржы тұрғысынан қосымша көз болады. Отбасылық қатынас нығаяды. Демалуға мұрша болмаса да, өміріңіз үйлесімді және жағымды оқиғаларға толы болмақ.

Арыстан кездейсоқтықты сырып тастап, жағдайдың тұрақтылығына сенеді. Өзін, жетістіктері мен бірлескен шығармашылығына, басқаларды ұйымдастыра алатындығымен мақтануға негіз бар. Осы кезеңде көптеген адамдар күрделі процедуралардан бас тартып, жауапкершіліктен жалтарып, тиімді позицияларға ие бола алады. Кәсіби тұрғыдан, сізді басқа адамдардың талаптарын орындауға мәжбүрлеу қиын. Сенімді және шешен, тіпті кейде құрбандыққа барып, жеңілдік жасай алады, бұл мықты стратегдің шебер тактикасы. Нәтижесінде, сіңдірген иеңбегіне қарамай, әрқашан үлкен жетістікке ие бола алады. Өз тарапынан сәттілік әкеліп, көптеген одақтас жинайды. Көптен келе жатқан досымен бірге жағымды сапар бар. Үйге көп зат сатып алады. Көбісі жаңа техникалық құралды игеруге мәжбүр. Жақында бір үрдіске тап болып, оған үйренісіп кетеді. Жарқын танысу күтілуде.

Бикеш өзін қадірлей білетін және құрметтей алмайтындармен бірге жүргісі келмейді. Бұл үйде де, жұмыста да айналаңыздағы адамдар үшін сынақ кезеңі. Мінезін бастық Бикештер де, яғни жоғары басшылар да көрсетеді. тіпті жасы кіші Бикештер де басқаларды өз ұстанымдарымен санасуға мәжбүр етеді. Әсіресе жақындарына талап қояды. Отбасында күрделі тақырыптар қозғалып, тартыс-дау болуы мүмкін. Бұл күндері бір адаммен жақындасып, оны ақын досым деп санайсыз. Сонымен қатар, әрқашан жақын болып саналатын бір адаммен қош айтысады. Өміріңіз айтарлықтай белсенділікке ие болады. Тәуелсіздігіңіз айқын болады. Айналаңызданебір оқиғалар болып, қызу тартыс болады. Мерекеге қатысасыз. Мереке, сыйлық жеткілікті болмақ. Ұсыныстар жасалынады. Сапарға дайындаласыз.

Таразы келіссөз жүргізуге және белгілі бір келісімге қол жеткізуге байланысты маңызды жобаның шешімін қабылдай отырып, сенімді одақтың қолдауына сене алады. Көптеген маңызды оқиғалар жабық, кейде тіпті жасырын түрде, ешқандай айқын іздер мен әсер қалдырмай өтеді. Бірақ оның нәтижесі таңқаларлық болмақ. Сіздің рөліңіз әрдайым осы мәселелерде басты орын алады. Немесе сізді бұны ұзақ уақыт істеген адамдар солай деп сендірді. Достарыңыз бен қарсыластардың сізге деген қарым-қатынасына қарамастан, сіздің әрекеттеріңіздің үлкен сипатқа ие болып, қызу пікірталас тудырады. Кәсіби қасиеттеріңіз биіктейді. Мұндай жұмысты сізден басқа ешкім жақсы немесе сапалы жасай алмайды. Сізбен бірге ынтымақтас болу  оңай шаруа емес, дегенмен бұл көбіне мақтанарлық серіктестік болады. Қыркүйек айында қаржылық жағдай бұрынғыға қарағанда жағымды. Жақсы ақша таба алады. Инвестициялар сәтті болуы мүмкін. Жылжымайтын мүлік мәселесін сәтті шешуге мүмкіндік бар. Құпиялы сапар күтілуде. Денсаулыққа назар аудару қажет. Әсіресе стоматология мен сүйек ...

Сарышаян маңызды ақпаратты алуға бар ықыласын салады. Алыстан немесе шетелден келетін келіссөздер жоққа шығарылмайды. Қыркүйек айында қызметте, кәсіби жұмысқа қатысты айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін. Көбісі жаңа жұмысқа ауысуды көреді. Шығармашылдар белгілі бір аудиторияға немесе қызығушылық танытатын адамдар қауымдастығы алдында жақсы әсер қалдыра алады. Бұл ай сыртқы және ішкі даму кезеңі. Кейбіреуі жаңа аумақты меңгереді, жаңа ғимаратқа көшуі мүмкін.  Басқалары жаңа бизнес-жобаның егжей-тегжейін білу үшін жаңа серіктестермен тығыз жұмыс жасайды. Маңызды құжаттарға қол қойылып, келісімшарттар жасалады деп күтілуде. Бұл айдың келешегі жарқын, ұзақ мерзімді жобалар, жаңа мүмкіндіктерімен ерекше. Сіз көптеген адамдар үшін тартымды боласыз.

Мерген Мергендер әрқашан қандай да бір шиеленіс жағдайында болады. Осы өзгерістердің барлығы сыртқы жағдайларға байланысты, оны қабылдау сізге тым қиын. Күнделікті өмірдің қиындығымен келісіп, болып жатқан оқиғның мәнін қабылдауға мәжбүр. Өйткені жақын болашақта өмірді жақсартудың жалғыз қолайлы нұсқасы осы. Жақын адамдардың қолдауы әсіресе құнды және маңызды болады. Ол болмаса, сізге қиын болады. Бұл әдеттегі достар арасынан алшақтау кезеңі. Өзіңіздің алдыңғылармен ешқандай байланысы жоқ, жақсы таныс мүдделер аясына кіресіз. Кейбір мұң философиялық жоспардың мәңгілік тақырыптары туралы ойлауға себеп болуы мүмкін. Бұл болып жатқан нәрсені шығармашылық тұрғыда қабылдауға итермелейді. Алайда, қаржы мәселесінде өзін сәтті көрсетуге кедергі келтірмейді. Айтарлықтай  шығындар бар. Бірақ қолыңызда ақша әрдайым болады. Жолға көп шығасыз. Өте белсенді боласыз.

Тауешкі сезімге толы. Эмоциясы шамадан тыс жағдайда. Әлемге деген көзқарасы белгілі бір құмарлықпен тербеліп тұрады. Басқалардың алдында өз уайымыңызды жедел және тікелей көзбе-көз жеткізіп, бір сәттік импульсті басшылыққа ала аласыз. Сабырлылық сақтай алмаған ақылсыз әрекетіңізге жиі өкінесіз. Бірақ жақын адамдарыңыз сізді әрдайым кешіреді және түсіністікпен қарайды. Бұл жағдайда сіздей қамқоршы адамды табу қиын. Сіз әрдайым көмекке келіп, қолдау көрсете аласыз. Бір сөзбен айтқанда, сізге сенуге болады. Бұл жақын адамдармен қарым-қатынаста өте құнды қасиетке айналады. Қыркүйек айында сізге белгілі бір құжат алып, ресми кеңселерге барып, лауазымды адамдармен кездесуіңіз мүмкін. Бірнеше күн бойы белгілі бір шартты   сақтау керек болады. Тегі, аты, туыстармен қарым-қатынас үлкен мәнге ие болады. Қаржылық сыйақы, ұтыс күтіледі. Бұл күндері  өзіңіздің имиджіңіз туралы жиі ойланасыз. Имидж, әлеуметтік мәртебе - бұл өте өзекті болмақ. Өзгерістер міндетті түрде болады. Достар үлкен мәнге ие болады.

Суқұйғыш жаңа жағдайларға қуана сенім артып, өткенін ұмытады. Көп нәрсені жеңіп шыққанын сезініп, уысына сәттілік қоғанын сезеді. Біраз шаруаға қарамай, қиындықтан өтіп, енді өз өміріңізді еркін басқара алатындығыңызды түсінесіз. Көбісі өзгертуді, қайта қарауды қалайды. Бірақ жаңа жағдайларға мұқият бейімделуге асықпайсыз. Тұрақтылық пен өзіне деген сенімділік - сіздің ішкі сұранысыңыздан туындаған басты ұран. Достардың, әріптестердің немесе іскери серіктестердің ықпалы сізге маңызды болып қала береді. Бірақ біртіндеп тәуелсіздікке, өзіндікке, басқалардан бөлектену кезеңіне енесіз. Қарсы жынысты адамдарға қызықты боласыз. Сезім жарқын өзгеріске ұшырауы мүмкін. Махаббат...

Балық басқалардан өзінің  жоспары мен алдағы әрекеттерін жасыруға тырысады. Өз ниетінің жеке себебі алаңдатады. Өзгелер сізді абыройсыз, моральдық құны жоқ деп қабылдауы мүмкін. Бірақ сіз кез келген іс-әрекетті түсіндіруге және кез-келген жоспарды негіздеуге әбден қабілеттісіз. Сіздің өміріңіз үнемі қозғалыста болады. Ұзақ уақытқа созылған бағдарламамен  сапар күтілуде. Мамандық алдыңғы орынға шығады. Бірақ қыркүйек сізге тек іскерлік және материалдық салада ғана емес, жеке өміріңізде де сәттілік әкеледі. Белгілі адаммен белсенді қарым-қатынаста өзара сүйіспеншілік болуы да ықтимал. Бұл сізге шабыт береді. Туысқандармен бір іс-шараға қатысты жүгірістер бар. Жасы ересек бір туысты жолға шығарып саласыз.  Қыркүйек - бұл үлкен шығындар мен үлкен сатып алу кезеңі. Тартымдылығыңыз артады.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Қарапайым-Ханшайым: Мен енді басқа адаммын, өзімді таппай адасып жүрген қыз емеспін 

 Сымбат Ғалымбекұлы: Қуыршақтай кәріс жігіттерін көріп біртүрлі болдым 

Қарапайым соус дайындап үйренейік 

Жаз мезгілін офисте өткізетін адамдарға 6 кеңес 

Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер

Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? 

Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.