{metadescription}
Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал

Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал

Ақпан айын сізге не әкеледі және несімен ерекше? Сізді  не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Ендеше Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің ақпан айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқты болашақ туралы өзінің ойында ол бұрын болған оқиғалардың қайталануын көреді. Мінез-құлық әрекетін құру арқылы өз тәжірибеңізді пайдаланасыз. Сізді қаржылық тәуелділік, іс-әрекеттегі шектеулі мүмкіндіктер, сол секілді дүние әсіресе саяхаттау кезінде мазаңызды алады.  Бірақ бұл кезеңде қарсы жыныстағы іскер қарсыластар шабыттандыратын фактор болуы мүмкін. Сіз белгілі адаммен келісім немесе ауызша келісімгек еліп, ол саізге өте қолайлы болады. Әріптестердің немесе көршілердің бірімен күрделі және ауыр қарым-қатынастан аумақтық тәуелділіктен арылуға мүмкіндік болады. Жұмыста күрт өзгерістер жоқ, бұл сізге өте қолайлы фактор болмақ. Бірақ сізге көптеген ұсақ-түйек істер жасау керек болады, ол өте көп болуы мүмкін. Жеке өмір алдын-ала болжанатын және аздап іш пыстырады. Бірақ сізге тап қазір бұрынғыдан қолайлы кезең. 

Торпақ өз ісімен айналысады. Сізді туыстардың бірінің өміріндегі оқиғалар мен жағдайлар алаңдатады. Басқалардың іс-әрекеттерін егжей-тегжейлі зерттемей-ақ, талқылаумен айналысасыз. Эмоцияны аздап басу керек болады. Сонымен бірге сізді туыстық қатынастарға байланысты ақша мәселесі алаңдатады. Сіз біреуге қасақана алдады деп күдіктенуіңіз мүмкін. Қарама-қарсы жыныстағы адамға күдіктенуіңіз мүмкін. Ақпан ұжымда, отбасында қиындық әкеледі.Бірақ ол үйінен лаыста жүргендерге немесе жалғыз жүргендерге береке әкеледі. Өз бастамасымен сапарға шығуға қолайлы уақыт. Бір нәрсе сатып алып, ол ұзақ уақыт қуантады. Отырыста болып, ол жақсы көңіл күй сыйлайды. Жеке өмірде күдігіңіз бен қызғанышыңыз көп. Махаббат екінші орынға шығады.

Егіздер ойдан шаршайды, бастама көтеруге құлқы жоқ, әсіресе өзінің әлеуметтік мәртебесі туралы, уәдесі мен міндеттері туралы сөз болғанда.  Құтты бір өз таңдаына өзі қарсы тұрғандай күй кешеді. Бірақ кәсіби саласында ол творчестволық болса, жақсы өзгерістер күтілуде.  Жақсы тамыр-таныстық, өзара мүдделері бойынша жұмыстар болады. Ол қаржыға да қатысты. Ақпанда бұрынғы достарымен кездеседі. Мерекелік іс-шаралар күтілуде. Ересек егіздер іс-сапарға, жалпы сапарға шығуы мүмкін. Жеке өмірде бір нәрсе бірдемеге қабаттасады, кездейсоқ роман, бұрынғы қатынасқа оралу, жаңа сезімдер жоқ емес.

Шаян жақын адамдарының немесе әріптестерінің жағдайымен келіспеуі мүмкін. Өз  көңіл-күйіңізге, мақсаттарыңызға және ішкі сеніміңізге сәйкес мінез-құлық бағытын таңдайсыз. Басқа ұсыныстар маңызды болмайды. Іскерлік қатынаста салауатты эгоизм болуы мүмкін. Мүддеңізге ұзақ мерзімді серіктеспен жаңа негізде ынтымақтастыққа жол берілмейді. Ірі сатып алуға, белгілі бір мәселедегі өз ықпалыңызды кеңейтуге байланысты қызықты ұсыныс болуы мүмкін. Мүмкін маңызды құжатқа қол қою, пайдалы инвестиция болады. Ұзақ уақыт бойы сізге жүктелген міндеттемелерге үнемі назар аударылады. Бұл туыстарымен, жомарттық пен қамқорлық көрсету қажеттілігімен әрдайым байланысты болады. Үлкен кісіден жақсы жаңалық келеді. Ақпан айында сізді қызықтыратын көптеген кездесулер болады. Жеке өмірде сүйікті адаммен қарым-қатынас сипаты сабырлы, неғұрлым танымал бола алады.

Арыстан ұсақ-түйектерге мұқият болады, тіпті жақын адамдарға да аса көңіл қояды. Нақтылау мүмкін, ұзақ уақытқа есептелген белгілі бір бағдарламаны қалыптастыруға оралады. Жаңа мүмкіндіктер туралы санап, соны ойлаумен айналысасыз. Сандар сіздің жасыңыздан бастап, осы айдың диалогтарында пайда болатын ақша сомаларына дейін өмірдің барлық салада санаңызды жаулап алады. Жұлдыздар сізді несиелік әрекеттерден сақтандырады. Өз қаражатыңызбен шектеліңіз. Несие бойынша кез келген соманы беруге асықпаңыз, өйткені оларды өтеу қиын немесе мүмкін емес болады. Демалуға, жеке жоспарлар жасауға уақыт бөлу керек, өйткені жұмыс көп. Ескі достардың кейбірі кездескісі келіп, келіссөз талап етеді. Бұрын рухы әлсіз болған адамдармен қарым-қатынас ауырлық әкеледі. Жеке өміріңізде  шынайы жағдайды жасыруды жөн көресіз. Сіз ашық қарым-қатынастан қашасыз.

Бикеш өз жоспарларын болжамауы керек.  Өзгеге өз ниетін айтамын деп оны орындау мүмкіндігінен толық айырылып қаласыз.  Бұл уақытта сіз тағы да  тұрмыстық және әлеуметтік қиындықтармен күресесіз. Сонымен қоса ашуға берілмеңіз, жақында ғана қайта ақлпына келтірген байланысты үзіп алмаңыз. Отбасында отырыстар болады. Ақпарат алмасасыз. Үйге қонақтар келеді. Жақсы танысыңыздан бір ұсыныс түседі. Сапарға шыққыңыз келеді. Қаржы мәселесі біршама жақсарады. Онымен бірге шығын да көп болмақ. Міндеттемелер көп жүктеледі, жеке мүддеге қатысты жалықтырып жіберген бір туысқаныңыздың ықпалынан қашасыз. Концерт, көрмеге баруыңыз мүмкін. Көбісі жаңа адамдармен танысады. Алайда жеке өмірде жаңа таныстық болмайды.  

Таразы қоршаған ортаға, әріптестер мен одақтастардың әрекеттеріне мұқият қарайды. Бұл кәсіби шешімдердің, бастамашыл қадамдардың кезеңі. Сізге қарапайым кеңес пен сенімді серіктестіктің жылы сөздері қажет. Болашақтағы жетістік тек осындай жағдайда ғана мүмкін болады. Шамадан тыс пафос пен асыра сілтеп мақтау сізге ешқандай сенімділік тудырмайды. Ақпан айында ықпалды тұлғадан ынтымақтастық туралы ұсыныстары болуы мүмкін. Артық ақпараттың жария етілмегеніне көз жеткізу керек. Жақын адамдармен қарым-қатынаста, тар шеңберде, біреу сенімсіздік пен жағымсыздықты көрсететін қаржылық есеп талап етеді. Бұл салқын сезімі туралы белгі болса керек. Бұл кезеңде тарихи мұрамен байланысты, мұрағат деректерімен және құжаттармен жұмыс істеген дұрыс. Математикалық әдістер мен ғылымға батыру сәтті болады. Саяхат жұмыспен байланысты болса қолайлы болады. Қызықты тұлға туралы танысу күтіледі.

Сарышаян белсенді одақтастардың кеңесіне құлақ асқысы келмейді. Сіз өзіңіз сараптаған мүмкіндігіңізге иек артасыз. Ашықтық пен үнемі жұрт алдында болуға қарамастан, маңайыдыңдағыларға берілмей, өзіңізбен өзіңіз боласыз. Көбінесе осы кезеңде сіз қолдауды, өткен оқиғалар мен тәжірибелердегі бағытты растауды іздейсіз. Ара қашықтықты сақтайсыз. Оны өзге біреулер бұзуға тырысады. Іші бауырыңызға кіргісі келеді. Өткендегі жинақтаған тәжірибеңізге сүйеніп, бағыт-бағдарыңызды растауға көмек іздейсіз. Алайда, бұл басқалардың шамадан тыс назарынан және тіпті олардың қызығушылығынан арылудың жолы болады. Қаржылық мәселелерде сіз өзгелерге тәуелді болмайсыз. Мүмкін, қатынастарды қалпына келтіру, бұрынғы әріптесімен немесе іскери серіктесімен келіссөздер жүруі мүмкін. Бірлескен жоспарлар материалдық жағынан да, ақпараттық тұрғыдан да пайдалы болуы мүмкін. Жеке өмірде бірқатар қызықты оқиғалар болады. Ұнамды ұсыныс түседі. Жұлдыздардың негізгі кеңесі – асықпаңыз.

Мерген өз мақсаттарын күнделікті күйдің жалпы көрінісі бойынша бүркемелейді. Дегенмен, әрекеттеріңіз әрқашан дәл болады. Шығармашылық және кәсіби міндеттеріңіздің жаңа бағытын жасай аласыз, оларды жүзеге асырып, одақтастарды тарта аласыз. Біреуді сендіресіз, сіздің идеяларыңызға аздап қызығушылық танытатын адамдармен келісім іздейсіз. Ең бастысы – бір орында тұрмау керек. Қозғалыс сіздің қызметіңізге толық енеді. Күтілетін сапарлар, кездесулер бар. Мүмкін бұрыннан келе жатқан дос, сыныптас, әріптеспен жоспарланбаған байланыс болады. Басқа адамдардың әңгімелеріне үңіліп, өтінішін тыңдауға тура келеді.  Қарт туысқанның  алдындағы міндет жүктелуі мүмкін. Осы кезеңде  қағаздармен, елеулі құжаттармен жиі айналысасыз. Келісімшарттарға қол қою, рұқсат құжатын алукүтілуде. Қаржы мен сезім сіздің дүниетанымыңызда үлкен рөл атқарады. Ол жиі құпия болады.

Тауешкі соңғы істеріне, әсіресе ақшаға қатысты болса, соған өкінуі мүмкін. Жомарттық пен ысырапшылдығыңызға өкінесіз. Сіздің жомарттығыңызды ешкім бағалай алмайтын сияқты. Болып жатқан жағдайға оң көзбен қарамай, қайғылы ойға тереңдей түсесіз. Алайда бұл басыңызға түскен сынақ деп біліңіз. Көп нәрсені қайта қарастырасыз,  көптеген адамдарға деген көзқарасыңызды өзгертесіз. Бұл сынақ туыстарды айналып өтпейді. Қарым-қатынастың біршама салқындауы, уақытша бөліну және кездесуден бас тарту жоққа шығарылмайды. Бұл кезеңнің алаңдаушылығы көбінесе өткен айлардағы оқиғаларға байланысты болады. Басталғанды ​​аяқтау үшін күш салу қажет, ол әсіресе құжаттарға, ресми құжаттарға, рұқсат құжаттарына қатысты мәселелер. Аяқталғандеген ескі қатынастарға қайта оралуға болады. Бірақ сіз жаңа дүниені жұрт іздемеген жерден табасыз. Қызықты саяхатқа шығып қалуыңыз әбден мүмкін.

Суқұйғыш жағдайды өзгерту мүмкіндігін іздейді. Сізде ақыл-ой кеңістігін шексіздікке толтыратын көп жоспар бар. Қазір   басты нәрсеге назар аударып отырсаңыз да, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланбастан, уақытты ысырап ететін сияқтысыз. Бар мүмкіндіктер теориялық тұрғыда сапарға, қозғалысқа, өмір сүру ортасын өзгертуге байланысты болады, қанша уақыт болмасын. Сізге тіпті үстірт танысу да пайдалы болуы мүмкін. Басқалардың күш-жігерін пайдаңызға асырасыз. Дегенмен бұл табиғи көрінуі мүмкін. Өзіңізге үлкен қызығушылық танытатын адамды кездестіресіз. Маңызды ақпаратты алыстан немесе шетелден алуға болады. Ақша күтіледі. Сонымен бірге,  күтпеген  белгілі бір сома түседі. Кәсіби салада уақытша өсуге қарамастан, нақты өсу күтілуде. Бірақ оны ұзақ мерзімге кешіктіру үшін  ішкі ресурстарыңызды жұмсай беруден қорықпай, белсенді болуыңыз керек. Өзіңізге деген сенім сіздің жеке өміріңіздегі жағдайды жақсартады.

Балықтар өмірге деген сүйіспеншілікке және қандай жағдайға болмасын, жақсылыққа деген сенімі бар. Жұлдыздар сіз жақта, өйткені бойыңызда жарқын энергия көп. Сіз жалғыз қалғыңыз келсе де, жалғыз қалмайсыз. Әсіресе қазір достарыңыз, туыстарыңыз, әріптестеріңіз және жай ғана таныстарыңыз сізді қоршап алады, олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға негіз бар. Белгілі бір адамға қатысты ақпараттың қажеттілігін сезінесіз. Бірақ қызығушылықты құпия сақтауға тырысыңыз. Әр түрлі ақпарат көздері сізге ешқандай күш салмай-ақ келеді. Ақпан қаржылық жағынан қолайлы. Бизнес-одақтастан жақсы ұсынысы түсуі мүмкін. Сәтті келісім - жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәміле. Мүмкін ұзақ қиын сұрақтың соңы қылтиып шығады. Қызықты сапар күтілуде. Ескі досыңызбен күтпеген кездесу күтіледі. Естеліктер тым белсенді....

Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі 

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын алттар

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде