{metadescription}
Әлемдегі ең сирек кездесетін аурулар

Әлемдегі ең сирек кездесетін аурулар

Жаман айтпай, жақсы жоқ. Төменде жазылған  ауруларды қарасаң, ол ауру емес, адамның жаратылысы деп қабылдайсың. Кейбірі жантүршіктірер сипатымен жаға ұстатады. Дегенмен барлығы сирек кездесетін ауру болып шықты. Осындайда тәубаңа келіп, он екі мүшеңнің сау екеніне шүкір келтіресің.

«Денсаулығы нашар» деген терминнің мәні өте кең, өйткені оған барлық ауру, дерт, ағза жұмысының бұзылуы кіреді. Мысалы біз қант диабеті, астма және гипертония сияқты кең таралған ауруларды жақсы білеміз. Бірақ, әлемде тіпті кейбір дәрігерлердің түсіне де кірмейтін сирек кездесетін мынадай аурулар бар екен.

1. Ұйқыдағы ару синдромы

Шаршап-шалдығу деген қалыпты жағдай. Шын мәнінде, адамдардың көпшілігі күндіз жиі шаршайды. Қарапайым адамның тынығуына әдетте 20 минуттай кетеді. Ал ұйқыдағы ару синдромымен ауыратын адам күніне 20 сағат ұйықтаса да, өзін қатты шаршап тұрғандай сезінеді.  

 

 

 

 

2. Мебиус синдромы

Бұл сирек кездесетін неврологиялық жағдай бет әлпеті мен көздің қимылын басқаратын бұлшықеттерге әсер етеді. Мұндай ауруы бар баланы тек арнайы түтікпен  тамақтандырады.

 

 

 

3. Алиса ғажайыптар елінде синдромы

Бұл жағдай адамды өзін ірі немесе әлдеқайда кішкентай сезінуге мәжбүр етеді. Сондай-ақ, оның дүниені бұрмалап және бағытынан адастырып қабылдайтыны дәлелденген.

 

 

 

 

 

4. Су аллергиясы

Бұл сирек кездесетін медициналық жағдай – адамның су ішу, шомылу, суға түсу секілді күнделікті іс-әрекетті істеуі мүмкін емес. Дәрігерлер антигистамин сияқты дәрі тағайындайды, ол суды тигізгеннен кейін есекжемді (денесіне шыққан бөртпелері) емдеуге көмектеседі.

 

 

 

 

5. Сенімхатпен Мюнхаузен синдромы

Бұл адамның сау балаға медициналық көмек іздейтінімен сипатталатын психологиялық ауру. Бұндай адам ауруды жиі әсірелеп сипаттап немесе ауру белгілерін өзі ойдан шығарып алады.

 

 

 

 

 

 

6. Мария Антуанетта синдромы

Мария Антуанетта француз революциясына дейінгі Францияның соңғы патшайымы болған. Ол өзінің сән-салтанатты өмір салты, әдемі киім-кешегі және ақ шашымен тарихқа енді. Сол себепті шашы ілезде ағаратын сирек кездесетін ауру осы танымал патшайымның есімімен аталады.

 

 

 

 

 

7. Гипертрихоз

Әлемнің кейбір елінде денеде жүннің қаптап өсуі – түктілік, жыныстық қатынасқа қатысты тартымды болып есептеледі. Дегенмен, жүннің шамадан тыс өсуі  гипертрихоздың белгісі болуы мүмкін. Аталмыш сирек кездесетін ауру бүкіл дененің түктілігімен сипатталады.

 

 

 

 

 

8. Капгра синдромы

Сіздің жақындарыңыздың біреуінің атағын бөтен бір адам пайдаланып кетті деп үнемі үреймен өмір сүріп жүрсіз деп елестетіп көріңіз. Капгра синдромына шалдыққан адамға бұл үрей емес – шындық. Яғни, ол шын мәнісінде танысы жалған есімге ие болды деген сенімде.

 

 

 

 

 

9. Протей синдромы

Диагноз қойылған адамның ең ауыр күйінің бірі – Протей синдромы. Бұл сирек кездесетін медициналық дерт адамның сүйегінің ұлғаюына, көбеюіне, жайылуына әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10. Балық иісі синдромы

Балықтың иісі синдромы деп те аталатын триметиламинурия – ағза белгілі бір азотты қосылыстарды ыдырата алмайтын кезде пайда болады. Бұл дененің шамадан тыс иіс бөлуіне әкеледі. Ауыздан шығатын жағымсыз иіс, дененің қолаңса сасық иісі, мүңкіген тер иісі, сасық дәрет және тағы басқа жанама әсерлері болуы мүмкін.

 

 

 

11. Автосырақайнату синдромы

Қаншалықты оғаш естілсе де, бұл ауруы бар адамның денесі табиғи түрде этанол мөлшерін шамадан тыс көп бөліп, масаң күйге түсіреді. Соның салдарынан адам қатты шаршап, өзін науқастанып, кеуіп кеткендей сезінеді.

 

 

 

Оқи отырыңыз: Америкалық таңғажайып тест: Сіз қандай адамсыз? 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма? 

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет 

Сирек кездесетін салттар. Басқа халықты кім білсін, біздің қазақта осылай 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.